Арыстанды-Қарабас желі
Арыстанды-Қарабас Желі — Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы аудандары және Түркістан қалалық әкімдігі аумағында байқалатын табиғат құбылысы.
Сипаттамасы
Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да сол құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзені алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа райы күрт суйиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, апталап соғады.
Аңыз
Бұрынғы өткен заманда күнгейді мекендеген бір ауылдан ауру шығыпты дейді. Ол өте жұқпалы, аса қатерлі ауру екен. Адамдардың көбі сол аурудан қырғын тауып, жаппай көз жұмыпты. Айналадағы елге де шапшаң тарала бастаған. Сонда елдің қайғысын көрген Арыстанбаб мінажат етіп, құдайдан бұл ауруды ұшырып алып кететін жел тілепті. Алла Арыстанбабтың тілегін қабыл етіп, осындай арқалы жел беріпті. Кенет жел күшті соғып, ауылдағы ауруды алып кетеді. Осы самала лептен кейін ғана барып ауылдың адамдары ауру-дерттерінен айығып, жазыла бастапты-дүр.
Сілтемелер
- Арыстанды
- Арыснұра
- Жел
Сыртқы сілтемелер
- Бәйдібек ауданы(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- https://kazislam.kz/2020/10/arystandy-qarabas-zheli-turaly-bir-uzik-syr/
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Арыстанды-Қарабас желі туралы ақпарат, Арыстанды-Қарабас желі дегеніміз не? Арыстанды-Қарабас желі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!