Жақсы Тағылы
| Жақсы Тағылы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Сарыарқа |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 35-40 км |
| Ені | 15-20 км |
| Биіктігі | 1076 м |
| Орналасуы | |
| 48°37′36″ с. е. 73°02′13″ ш. б. / 48.62667° с. е. 73.03694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°37′36″ с. е. 73°02′13″ ш. б. / 48.62667° с. е. 73.03694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Жақсы Тағылы – Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі тау.
Географиялық орны
| ]Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. Жақсы Сарысу, Қайрақты және Жаман Сарысу өзендері аралығында бойлық бағытта созылып жатыр.
Жер бедері
| ]Абсолюттік биіктігі 1076 м. Ұзындығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 35–40 км, ені 15–20 км. Аласа қырқалардан, күмбез және саңырауқұлақ тәрізді көптеген шоқылар мен төбелерден тұрады. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай көлбеуленіп жазықты белестерге ұласып кетеді. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы
| ]Девон мен тас көмірдің альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
| ]Қызғылт қоңыр қиыршықтасты топырағында қараған, тобылғы аралас бетегелі-бозды дала өсімдіктері өседі. Қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Дереккөздер
| ]- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Шет ауданы таулары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жақсы Тағылы туралы ақпарат, Жақсы Тағылы дегеніміз не? Жақсы Тағылы нені білдіреді?





Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!