Қордай желі
Қордай желі, Жетіжол мен Кіндіктас жоталары аралығындағы Қордай асуынан соғады. Солтүстіктен суық ауа массасының тау аңғарына енуінен пайда болады. Асудың орналасуына байланысты күшті желдің 93%-ы солтүстік-шығыстан соғады. Әр айда 2 – 4 күн, кей жылдары 10 – 15 күнге созылатын желді бұрқасын борайды. Мұзбел ауданындағы (бұрынғы Қордай кенті) метеостанса маңында ақпандағы желдің орташа жылдамдығы 7 м/с-қа жетеді. Бұл айда орта есеппен 8 күн күшті (15 м/с, онан да артық) жел соғады. Көктемдегі және жаздағы желдің жылдамдығы 5 – 7 м/с. Кейбір деректер бойынша Қордай желінің ең жоғарғы жылдамдығы жазда 28 м/с-қа, көктем және күзде 34, қыста 40 м/с-қа жетеді. Бір жыл ішінде орта есеппен 55 күн күшті жел соғатыны анықталған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қордай желі туралы ақпарат, Қордай желі дегеніміз не? Қордай желі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!