Сәлкен Сұбханбердин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин
Туған күні

4 мамыр 1914 (1914-05-04)

Туған жері

Баянауыл ауданы, Павлодар облысы

Қайтыс болған күні

9 мамыр 1986 (1986-05-09) (72 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

image Қазақстан

Ғылыми аясы

Медицина

Ғылыми дәрежесі

Медицина ғылымдарының докторы (1972)

Ғылыми атағы

Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті

Несімен белгілі

ұлы Нұржан Сұбханбердин

Марапаттары


Үлгі:Құрмет белгісі ордені

Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин (04.05.1914, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 09.05.1986, Алматы) – фармацевт-ғалым, драматург, медицина ғылым докторы (1972), Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті (1965).

Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан.

Мәскеу медицина институтын бітірген (1959). Сұбханбердин Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 – 1935), директоры (1935 – 1938), Алматы (1938 – 1942) және Жамбыл (1942 – 1945) облыс, республика (1948 – 1973) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 – 1975) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультетикасы ашылды.

Оның “Дәрі – дертке дауа, жанға шипа” (1965), “Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы” (1968), “Денсаулығыңды ойласаң” (1974, М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, “Шындық”, “Сатып алған ауру”, “Жаңа жандар”, т.б. пьесалары “Шындық” атты жинаққа енген (1977).

74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Отбасы

 | ]

Әйелі Үшкілтай Сұбханбердина

Дереккөздер

 | ]
  1. https://scontent.fala4-2.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/46503656_10218143767455539_7870332677189009408_n.jpg?_nc_cat=108&_nc_ht=scontent.fala4-2.fna&oh=d8644881c4f90ddb4ed36a10db769737&oe=5C6FD7ED(қолжетпейтін сілтеме)
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. https://stud.kz/prezentatsiya/id/17778

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сәлкен Сұбханбердин туралы ақпарат, Сәлкен Сұбханбердин дегеніміз не? Сәлкен Сұбханбердин нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *