Сайқан желі
Сайқан желі - Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/с. Алакөл ойысында температура 30-37°С-қадейін төмендейді. Сайқан жоталарын қуалай соғатын жел болғандықтан, сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен көкек айлары аралығында күшті соғып, көктем мен күзде бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Тигізер зияны көп. Сайқан желі уақыты 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып әкетеді, топырақты құрғатады, мал басын шығынға ұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.
Дереккөздер
"Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сайқан желі туралы ақпарат, Сайқан желі дегеніміз не? Сайқан желі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!