Мұғалжар желі
Мұғалжар желі– Мұғалжар тауы атырабындағы дауылды жел. Мұғалжар желінің әсері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбе облысында жерінің оңтүстігінде байқалады. Жел осы өңірге солтүстік-батыс және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпат ауасының сорылып тартылуынан және өте кең аймақтағы орография элементтердің әсерінен кейде күшті дауылға айналады. Шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғатын желдің жылдамдығы 20 – 30 м/с, кейде 50 м/с-қа жетеді. Мұндай жел жылына 30 шақты рет қайталанады. Көбіне Қазақстан жеріне Сібір антициклоны (қаңтар – наурыз және қараша – желтоқсан айларында) қарлы боран әкеледі, ал көктемде жауын-шашынның көбірек түсуіне әсер етеді.
Дереккөздер
“Қазақ энциклопедиясы – VI том”
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұғалжар желі туралы ақпарат, Мұғалжар желі дегеніміз не? Мұғалжар желі нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!