Жілік майы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жілік майы (medulla ossіum) – адам және омыртқалы жануарлардың сүйектері қуысындағы ұяшықтарында болатын тін. Ол күрделі құрылымдардан тұрады. Ж. м-ның түсі қызыл және сары болады. Адамның және барлық сүтқоректілер тіршілігінің алғашқы жылдарында сүйектің іші қызыл Ж. м-на толы болады да, онда қан түзілуіне және сүйектің қалыптасуына тікелей қатысты клеткалық элементтер орналасады. Олардың ішінде сүйектің ішкі қабаттарын қоректендіретін қан тамырлары мен жүйке талшықтары бар. Қан клеткалары вена капиллярларының жұқа қабырғаларынан өтіп, қанға араласып отырады. Іштегі нәрестеде және жаңа туған балада тек қызыл Ж. м. болады. Бала өскен сайын қызыл Ж. м. бірте-бірте сарғыштанып, сары Ж. м-на айналады. Ересек адамда ол жілік сүйектердің қуысын толығынан толтырады. Сарғыш Ж. м. негізінен, май тінінен құралады және ол қан түзілу процесіне қатыспайды. Адамның денсаулығы жақсы уақытында жетілмеген қан клеткалары Ж. м-нан шықпайды. Егер қанға жетілмеген қан клеткалары араласса, ол қан түзілу процесінің бұзылғанын көрсетеді. Организм әр түрлі жарақаттану, қансырау, т.б. жағдайдарда қанынан көп айырылса, сары Ж. м. қызыл кемікке айналып, қан клеткалары жаңадан түзіледі. Ж. м-ндағы дәнекер тін клеткалары белгілі бір жағдайларда сүйек клеткаларын жаңартып көбейтеді. Әсіресе, сынған сүйектің қалыптасуы үшін бұл құбылыстың мәні зор. Сөйтіп, сүйек ұяшықтарында орналасқан Ж. м-ның организмде қан түзілу және оны биол. жағынан қорғау процестерінде атқаратын орны ерекше.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жілік майы туралы ақпарат, Жілік майы дегеніміз не? Жілік майы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *