Әлихан Асханұлы Смайылов
Әлихан Асханұлы Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — қазақстандық ірі саясаткер, 2024 жылдан бастап қызметтегі Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 2022 жылы қаңтарда орын алған Асқар Маминнің отставкасынан 2024 жылғы ақпанға дейін Премьер-Министр болды.
Әлихан Асханұлы Смайылов | |||||||||||
![]() Смайылов, 2023 жыл | |||||||||||
Лауазымы | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||
1 сәуір 2024 жылдан бастап | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Ізашары | Наталья Годунова | ||||||||||
| |||||||||||
11 қаңтар 2022 — 5 ақпан 2024 | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Ізашары | Асқар Мамин өзі (м.а.) | ||||||||||
Ізбасары | Роман Скляр (м.а.) Олжас Бектенов | ||||||||||
| |||||||||||
18 мамыр 2020 — 5 қаңтар 2022 | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин | ||||||||||
Ізашары | Премьер-Министр бірінші орынбасары — Қаржы министрі ретінде өзі | ||||||||||
Ізбасары | Роман Скляр | ||||||||||
| |||||||||||
25 ақпан 2019 — 18 мамыр 2020 | |||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин | ||||||||||
Ізашары | Қаржы министрі ретінде өзі | ||||||||||
Ізбасары | Ерұлан Жамаубаев | ||||||||||
| |||||||||||
18 қыркүйек 2018 — 25 ақпан 2019 | |||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Бақытжан Сағынтаев | ||||||||||
Ізашары | Бақыт Сұлтанов | ||||||||||
Ізбасары | Премьер-Министр бірінші орынбасары — Қаржы министрі ретінде өзі | ||||||||||
| |||||||||||
11 желтоқсан 2015 — 18 қыркүйек 2018 | |||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||
Ізбасары | Тимур Жақсылықов | ||||||||||
| |||||||||||
6 тамыз 2014 — 11 желтоқсан 2015 | |||||||||||
Ізашары | Статистика агенттігінің төрағасы ретінде өзі | ||||||||||
Ізбасары | Бақытбек Иманәлиев (м.а.) Нұрболат Айдапкелов | ||||||||||
| |||||||||||
27 қазан 2009 — 6 тамыз 2014 | |||||||||||
Ізашары | Анар Мешімбаева | ||||||||||
Ізбасары | Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы ретінде өзі | ||||||||||
қараша 1999 — ақпан 2003 | |||||||||||
Ізашары | Жақсыбек Құлекеев | ||||||||||
Ізбасары | Қали Әбдиев | ||||||||||
| |||||||||||
21 қараша 2008 — 27 қазан 2009 | |||||||||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов Серік Ахметов | ||||||||||
Министр | Болат Жәмішев | ||||||||||
ақпан 2006 — қаңтар 2007 | |||||||||||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | ||||||||||
Министр | Наталья Коржова | ||||||||||
Өмірбаяны | |||||||||||
Білімі | 1) Қазақ ұлттық университеті 2) КИМЭП | ||||||||||
Дүниеге келуі | 18 желтоқсан 1972 (52 жас) Алматы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||||||
Әкесі | Асхан Смайылов (1948 туған) | ||||||||||
Анасы | Анаркүл Тайжанова (1947 туған) | ||||||||||
Жұбайы | Балжан Смайылова (1987 туған) | ||||||||||
Балалары | қыздары Айзере (2013 туған) Жания (2015 туған) ұлы Әлисұлтан (2018 туған) | ||||||||||
Марапаттары |
| ||||||||||
Alihan Smaiylov Ортаққорда | |||||||||||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы Танта руының Сертек бөлімінен шыққан. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған;
1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
2006–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті;
2009–2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы;
2015–2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі;
2018–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
2022 жылғы 11 қаңтардан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2024 жылғы 1 сәуірден — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Жоғары аудиторлық палата
Лауазымына тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Қытайға жұмыс сапары аясында 2021-2023 жылдарға арналған Азия жоғары аудит органдары ұйымының Бас хатшылығының есептерін аудиттен өткізді. Аудит Әзірбайжанмен бірлесіп жүргізіліп, қаржылық тәртіптің жоғары деңгейін және есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады, сондай-ақ қорларды басқаруды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
2024 жылғы 14 мамырда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №6 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік аудит барысында еңбек ақы төлеудің асыра көрсетілуі, негізсіз қосымша төлемдер мен сыйақылар, сондай-ақ іссапар құжаттарын рәсімдеудегі бұзушылықтар бойынша шамамен 26 млн теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. Аудит нәтижесінде бюджет қаражатын қайтару, бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.
2 күннен кейін Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Тексеру 2022 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыды. Тексеру барысында 150 млн теңге бюджет қаражаты көрсетілмеген қызметтерден қызметкерлерге сыйақы төлеуге қайта бөлінгені; 2023 жылдың желтоқсанында қызметкерлерге, оның ішінде тоқсаннан аз уақыт жұмыс істегендерге 6,5 миллион теңге сыйақы төленгенгені; 2022–2023 жылдар аралығында инспекторларға еңбек тиімділігін бағаламай 21,7 миллион теңге сыйақы төленгені және Тексеру комиссиясының нормативтік-құқықтық актілерді сақтамағаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартпағаны белгілі болды. Нәтижесінде Палата бақылауды күшейтуді, бюджетті жоспарлау мен жұмсауды қайта қарауды, жауапкершілікті күшейтуді және материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберуді ұсынды.
Премьер-министр (2022—2024)
2022 жылы Қаңтар оқиғасы барысында Асқар Мамин мен оның үкіметі 5 қаңтарда отставкаға кеткеннен кейін Смайылов Қазақстан Президентінің № 728 бұйрығымен Премьер-Министр міндетін атқарушы болып тағайындалды.
11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің видео байланыс арқылы байланысқан Президент Тоқаев қатысқан жалпы отырысында Смайылов Премьерлікке ұсынылып, ұсынысты депутаттар қабылдады. Нәтижесінде Президенттің №754 бұйрығымен Премьер-Министр болып тағайындалды.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Смайыловты «технократ», «кабинеттік математик» деп атап, элиталық топтарға тәуелсіз тұлға деп бағалап, Тоқаевта таңдау болмады деп өз ойын алға тартты. Тағы бір саясаттанушы Оразғали Селтеев Тоқаевтың бұл қаулысын ерекше және тарихи деп атады, себебі Смайылов елде «әскери жағдай» барысында тағайындалды деді.
Сын
Өз премьерлігін бағалауы
Премьер-Министрлігін аяқтағаннан кейін Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Президенті Қ Тоқаев 2024 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы етіп тағайындады. Жоғары аудиторлық палатаның жаңа тағайындалған басшысы Ә. Смайылов сол жылы өзІ басқарған Үкіметтің 2023 жылы жасаған қызметін өзі бағаламақ болды. Адамның осындай өз еңбегін өзі бағалауы сияқты мүдделер қайшылығын түрлі адамдар сынға алды. Журналист Вадим Борейкоға сұхбат берген Санжар Боқаев палатаны жалған есеп айтты деп те айыптады.
Марапаттары
- Ерен еңбегі үшін медалі
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)
- Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл медалі (2005)
- Астанаға 10 жыл медалі (2008)
- Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін II дәрежелі медалі (2015)
- «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019ж)
- «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (12.2019 ж.)
- Парасат ордені (2020)
Дереккөздер
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2400000512
- Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Әзербайжан Есеп палатасымен бірлесіп АЗОСАИ аудитін жүргізді (қаз.). Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (24 сәуір 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- Мемлекеттік аудит барысында Маңғыстау мектептерінің бірінде шамамен 26 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды (қаз.). Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (14 мамыр 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- Маңғыстауда қызметкерлерге 26 миллион теңгені заңсыз аударған мектеп анықталды (қаз.). «ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі» (15 мамыр 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының жұмысында көптеген бұзушылықтарды анықтады (қаз.). Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (16 мамыр 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- Премии на 6,5 миллиона тенге выплачивали в ревкомиссии Алматы сотрудникам, проработавшим пару месяцев (орыс.). Tengri News (16 мая 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- Ревизионная комиссия Алматы незаконно начисляла премии своим сотрудникам за "образцовую" работу (орыс.). Informburo (16 мая 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- ВАП: В Ревизионной комиссии Алматы незаконно выдавали многомиллионные премии (орыс.). Forbes Kazakhstan (16 мая 2024). Тексерілді, 17 мамыр 2025.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (5 қаңтар 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Қазақстанда наразылық күшейген тұста үкімет отставкаға кетті (қаз.). Азаттық радиосы (5 қаңтар 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (11 қаңтар 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды (қаз.). Азаттық радиосы (11 қаңтар 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Мажилис поддержал предложение Президента страны (қаз.). Мажилис Парламента Казахстана (11 қаңтар 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Не аффилированный с внутриэлитными группами технократ. Что говорят о премьере Смаилове политологи (орыс.). Tengri News (11 января 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Затянут ли чиновники исполнение поручений Токаева? Мнение политологов (орыс.). Tengri News (12 января 2022). Тексерілді, 15 шілде 2025.
- Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы (қаз.). akorda.kz (1 сәуір 2024). Тексерілді, 5 қазан 2024.
- Как аудитор Смаилов будет давать оценку работе Смаилова-премьера (орыс.). bes.media (5 июня 2024). Тексерілді, 5 қазан 2024.
- Борейко, Вадим Николаевич Экс-премьер Смаилов «подчищает» финансовые потери своего правительства #мангистау #гиперборей (орыс.) (19 мая 2024). Тексерілді, 5 қазан 2024.
- Смайылов Әлихан Асханұлы Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. baiterek.gov.kz
Сілтемелер
- Үкімет құрамы
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әлихан Асханұлы Смайылов туралы ақпарат, Әлихан Асханұлы Смайылов дегеніміз не? Әлихан Асханұлы Смайылов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!