Жеңіс жырлары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жеңіс жырларыЖұбан Молдағалиевтің алғашқы өлеңдер жинағы, 1949 жылы жарық көрді.

Ұлы Отан соғысының отты жылдарын өз басынан кешірген ақын «Әлия», «Ер қабірі», «Батыр туралы баллада», «Біз жеңеміз» өлеңдерінде ерлікті, отансүюшілікті, жеңіске деген сенімді жырлаған. Жалпы жинаққа 52 өлеңі кірген.

Ақынның жары София Молдағалиева кітаптың тарихы туралы мынандай естелік қалдырған: «Ол кезде біз жер үйде тұрдық. Жазуға, жалпы шығармашылыққа ыңғайлы орта болды деу қиын. Кітап 1949 жылы, соғыстан кейінгі қиын уақытта жазылды. Кейде жарық болмай қалатын. Ондай кездерде шамның жарығымен отыратын. Қателеспесем, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер жақсы пікір айтты. Шығармашылық әлеміне деген махаббатын арттыра түсті.»

Соғыстағы жауынгердің жастық, адамдық жылы сезімдерін танытуда «Жауынгер хаттарынан», «Солдат сыры», «Солдат қызға» атты өлеңдері мен туған жерді еске салатын тартымды лирикалары едәуір маңызды:

Сарғайып жетер бұл қағаз,
Сағынышым тәрізді.
Сақтаулы жүрді ол біраз,
Сатпағын салды тер ізі.

Жолшыбай тағы кім шалар,
Сонда да, сәулем, жерінбе!
Қадыры мол қасиет бар —

Солдаттың ащы терінде.

Ал, «Сағындым, Жайық!», «Ән», «Шығыста туған елім бар», «Туған елді жырлаймын», «Менің халқым» өлеңдерінде туған жер сағынышы тербеген ақынның жан толғанысы байқалады. «Азамат қуанышы» және басқа өлеңдерінде ақын бейбіт еңбекті жырлай бастайды:

Ер жігіт күні кеше болып солдат
Елі мен Европаны еткен азат.
Бұл күнде еңбек ері, егінші ол,
Біткендей қуанады ұшқыр қанат.
Жол қылып жорықтарда көп жерлерді,
Ауылға Берлиннен биыл келді.
Тоздырып талай етік шарласа да,

Таба алмай өз еліндей ешбір елді.

Дереккөздер

 | ]
  1. Жинақ жайында Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2020 жылы. Kitap.kz сайтындағы мәлімет
  2. Молдағалиевтің майдандық лирикасы туралы Мұрағатталған 1 тамыздың 2020 жылы.

Сілтемелер

 | ]
  • Жеңіс жырлары(қолжетпейтін сілтеме) Kitap.kz сайтында

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жеңіс жырлары туралы ақпарат, Жеңіс жырлары дегеніміз не? Жеңіс жырлары нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *