Жаңа әдебиет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жаңа әдебиет (қазіргі «Жұлдыз» журналы) - көркем әдебиет және сын журналы. Пролетариат және шаруа жазушылары Қазақ бірлестігінің (ҚазАПП) органы. 1928-1932 ж. шығып түрды. 20 жылдарда Абай және оның ақындығы туралы әдебиетшілер арасындағы тартысқа байланысты журналдың 1928 жылғы 3-5 санында С.Мұқановтың «Әркім өзінше» ойлайды» деген материалы жарияланған. Бұл мақаласында Мұқанов Ы. Мүстамбаевтың «Қызыл Қазақстан» журналыңда (1927,2-саны) жарияланған мақаласына жауап жазып, өзінің «Абай-байшыл ақын» деген түжырымын тағы да «дәлелдеп» шығады. Осыған байланысты журналдың сол жылғы 7-8 сандарыңца Ы. Мұстамбаевтың «Абай» деген көлемді мақаласы жарияланған. Бұл мақаласында автор Абай шығармаларына тек қана таптық тұрғыдан қарамау керектігін айтып, оның ақындық шеберлігін нақты мысалдармен дәлелдеуге әрекет жасайды. Ш.Тоқжігітовтың «Лев Толстой» (1928, 9-саны) деген мақаласында Абай мен Толстой көзқарастарының, дүние-танымының ұштасып жатқан тұстары сөз болады.»

Дереккөздер

 | ]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жаңа әдебиет туралы ақпарат, Жаңа әдебиет дегеніміз не? Жаңа әдебиет нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *