Жағда Оғызбаев
| Жағда Ордабайұлы Өгізбаев | |
Өгізбаев "Абай әндері" (1945) фильмінде | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Жауда әлде Жаһуда Ордабайұлы Өгізбаев |
| Туған күні | 1 қаңтар 1912 |
| Туған жері | Ұлан ауданы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 8 қазан 1962 (50 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актер |
| Белсенді жылдары | 1940-1957 |
Жағда Ордабайұлы Өгізбаев (1912 - 1962) — актер. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1942).
Өмірбаяны
| ]Кәсіби сахналық қызметін 1931 жылы Риддердегі жұмысшы жастардың театрында бастады.
1932 - 1962 жылдары Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жұмыс жасады.
1935 жылы Қазақ драма театры қарамағындағы студияны бітірді.
1940 жылдан КОКП мүшесі. Сол жылдан фильмге түсе бастады.
1948 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданды.
1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Сол жылы Ш.Аймановпен бірлесіп Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” (Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) қойды.
Ойнаған рөлдері
| ]Қазақ драма театры труппасында ойнап, Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Түнгі сарын”, “Тас түлектер”, “Сын сағатта” және “Қара қыпшақ Қобыланды”), Махамбет (М.Ақынжанов, “Исатай – Махамбет”), Жанбозов (Әуезов пен Ә. Әбішев, “Намыс гвардиясы”), Айбас (Әбішев, “Қырағылық”), Кошкин (К.А. Тренев, “Любовь Яровая”), Чибисов (Н.Ф. Погодин, “Мылтықты адам”), Лавров (Б.Ф. Чирсков, “Жеңімпаздар”) сияқты күрделі, сан алуан сахналық рөлдерді орындады. Ол өзінің сахналық кейіпкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық бояуының қанық болуына ден қоятын актер болды. Киноға да түскен: Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Әбіш (“Абай әні”, 1945), Малбағар (“Дала қызы”, 1954), Өтеш (“Бұл Шұғылада болған еді”, 1955).
Марапаттары
| ]2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
Фильмографиясы
| ]- 1940 - Райхан - Бұлұт
- 1942 - Алып туралы ән - Толағай
- 1943 - Фронт - Шаяхметов
- 1945 - Абай әндері - Әбіш
- 1952 - Жамбыл - эпизод
- 1954 - Дала қызы - Малбағар
- 1956 - Даладағы қайыңдар - эпизод
- 1957 - Ботакөзде - эпизод
Дереккөздер
| ]- Жағда Оғызбаев
- Қазақ энциклопедиясы, 10 том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Pages with image sizes containing extra px
- 1 қаңтарда туғандар
- 1912 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ұлан ауданында туғандар
- 8 қазанда қайтыс болғандар
- 1962 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жағда Оғызбаев туралы ақпарат, Жағда Оғызбаев дегеніміз не? Жағда Оғызбаев нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!