Үлкен Шаған
Үлкен Шаған — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Көшім ауылдық округі орталығы.

Ауыл | |
Үлкен Шаған | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | Батыс Қазақстан |
Ауданы | |
Ауылдық округі | Көшім |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 50°55′34″ с. е. 51°09′03″ ш. б. / 50.92611° с. е. 51.15083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°55′34″ с. е. 51°09′03″ ш. б. / 50.92611° с. е. 51.15083° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▼1503 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 07 |
Үлкен Шаған шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталық - Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы бойындағы қамыс, құрақ, аралас боз, бетеге, т.б. әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орналасқан.


Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1571 адам (734 ер адам және 837 әйел адам) болса, 2009 жылы 1562 адамды (755 ер адам және 807 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1503 адамды (750 ер адам және 753 әйел адам) құрады.
Тарихы
1961-1997 жылы “Көшім” астық өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Үлкен Шағанда және округке қарасты Ақсу, Колесово, Көшім, Кіші Шаған елді мекендерінде ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Үлкен Шаған туралы ақпарат, Үлкен Шаған дегеніміз не? Үлкен Шаған нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!