Торғай қақпасы
Торғай қақпасы – Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған – Құсмұрын, Торғай – Сарықопа аралығындағы табиғи аңғарлық бұғаз (өткел) немесе қақпа.
Торғай қақпасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ені | 20 км |
Орналасуы | |
52°23′23″ с. е. 64°14′27″ ш. б. / 52.38972° с. е. 64.24083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°23′23″ с. е. 64°14′27″ ш. б. / 52.38972° с. е. 64.24083° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Қостанай облысы |
Аудан | Сарыкөл ауданы |
Географиялық орны
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы аумағында орналасқан.
Жер бедері мен қалыптасуы
Торғай қолатының орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ені 15 – 20 км. Теңіз деңгейінен 100 м биіктікте. Батыс Сібір ойпатын Торғай ойпатымен байланыстырады. Оның бұғаз деп аталуының себебі мыңдаған жылдар бұрын бұл жерде ежелгі Арал-Каспий теңізі бассейні сол кезде Батыс Сібір ойпатының орнында болған теңіз бассейнімен байланысқан. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша Торғай қақпасы Торғай, Обаған өзендері бастауларының бір-бірімен Сарыөзен арқылы жалғасуына байланысты қалыптасқан.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Торғай қақпасы туралы ақпарат, Торғай қақпасы дегеніміз не? Торғай қақпасы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!