Төлеу Көбдіков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Төлеу Көбдіков (1874, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы – 1954, Шар қаласы) – ақын, Қазақстанның халық ақыны (1954).

Өмірбаяны:

 | ]

Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.

Жасынан Абайдан тәлім алған. Ертеректе жазған өлеңдері сақталмаған, кейін тұрмыс жағдайымен Батыс Сібір, Алтай жаққа қоныс аударып, ақындық өнерден қол үзген. 40-жылдардың басында туған жеріне оралғаннан кейін қайтадан өлең шығара бастайды. 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне арналған “Сарыарқа”, “1916 жыл” (1940) атты өлеңдері бар. Соғыс жылдарында ақынның “Жеңіс серті”, “Ұлдарым”, “Төлегенге”, “Жаудан жерім тазарады”, т.б. өлеңдері газет-журналдарда жарияланып тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына арналған “Абай тойы” (1945) поэмасы мен “Қазақстан” (1946) атты көлемді толғауы дүниеге келді. 1943 ж. облысаралық ақындар айтысына қатысқан. Мұқаш ақынмен әзіл айтыс жасап, кейін Уәйіспен, Нұрлыбек Баймұратовпен (1944) сөз сайысына түскен. Төлеудің “Алып күшті Отаным” (1948), “Өмір жыры” (1953), “Өлеңдер” (1955), “Жырларым” (1975) атты жыр жинақтары жарық көрген.

Дереккөздер

 | ]
  1. ШАҚАНТАЙ ШЕЖІРЕСІ( төртінші басылым ) | Kerey.kz/Керей.кз. Тексерілді, 16 қараша 2020.
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Төлеу Көбдіков туралы ақпарат, Төлеу Көбдіков дегеніміз не? Төлеу Көбдіков нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *