Абақ Керей
Абақ Керей — Керей тайпасының бір тармағы. Керейдің "Төр шежіресі" керей этнонимін Абақ (Әппақ) деген әйелмен байланыстырып, Абақ Керейді сол ананың ұрпағы дейді. Абақ Үйсін Самырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп, "Менің ашамайлы Керейім", – деп ертіп жүреді екен. Абақ соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (Майқы би емес), Майқыдан: Ермен, Изен, Жусан туады. Абақ Керейдің қазіргі 12 руы осыдан өрбиді.Бірақта белгілі Түркітанушы зерттеуші ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы Абақ Үйсіннің қызы,Керейлердің анасы емес Керей хандығының соңғы ханы Тұғырыл ханның оныншы ұлы екенін дәлелдеген.Кей деректерде Абақ 5 ғасырда Алтайда тұрған делінеді.
Шыңғысханмен Керейлердің арасында болған соғыста Тұғырыл хан Абақты атқа мінгізіп қойып жіберген.Басқа деректерде Абақ Керейлер Шыңғысхан Орта Азияны басып алғаннан соң,Керейлерді қазіргі Солтүстік Қазақстанға көшіртеді делінген.Абақ пен Ашамайлы Керейлер бірге Солтүстікте қалады ал Тұрғақ Керейлер(Тұғырылдың тікелей ұрпақтары)Сібір хандығын құрып,сол елді билеген династия болады.Абақ Керейлер Қазақ халқының құрамына Қасым ханның кезінде ғана толық кірді.Қасым ханның кезінде жер кеңейгендіктен Абақ Керейлер қазіргі Ресейдің Ішім,Орынбор,Ор,Омбы жерлеріне және Солтүстік Қазақстанның Солтүстігі мен Оңтүстік-Батысына және Ертіс бойына кең қоныстанады.Ресей патшалығының Шығысқа қарай жылжып,жерлерді отарлап алуы Орынбор,Ор жерлерін басып алуына әкелді.Абақ Керейлердің жерінің жартысы орыста қалып жартысы,Қазақта қалды,олар жерлерінен айырылды.Бұл Абақ Керейлерге ұнамады,осы үшін дереу түрде жылдам Абақ Керейден 200 сарбаз жасақталып,Орынбор жерінде орыс әскерімен шайқас болады.Ол сарбаздарды Шеруші елінен шыққан Байтайлақ батыр бастады.Орыс әскерінің мықты қарулануы зеңбіректері мен мылтықтары мен Абақ Керейлердің қылыш пен садақтары тең келмеді,сондықтан Байтайлақ батыр бастаған әскер жеңіліске ұшырады.Бірақта 200 сарбаз орыстарға қарсы біраз төтеп беріп,Орынборды қайтаруға жүрек жұтқан қозғалыс жасады.Бұл іс әрекет ханға ұнамай,Байтайлақ батыр Москваға патшайыммен кездесуге барады.Ол жақта не болғаны белгісіз,бірақта Байтайлақ батыр қайта Қазақ жеріне оралады.Кейін хан ойлана келе,Абақ Керейлерді Сырдария бойына көшіртеді.Сыр өңіріне келген сәтте Жоңғар шапқыншылығының кезеңі еді.Сол кезде Абақ Керейден Байтайлақ,Ер-Жәнібек,Сәмек,Самай,Құлсары,Жабай,Жанат,Бұқарбай,Қожаберген,Шақабай және тағы да басқа батырлары алға суырылып шығып Абылайдың ақ туын көтеріп Қазақ елі үшін соғысқан.Абылайдың сенімді батырларының көбісі Абақ Керейлер болған.Жоңғар шапқыншылығы кезінде Абақ Керейлерді Ер-Жәнібек батыр бастаған.Ол Абақ Керейлердің арасында аса құрметке ие ең жоғарғы беделді батыр,Абақтың ортақ үлкен ұраны.
Алтай Жоңғарлардан азат болған сәтте Ер-Жәнібек батыр мен Байтайлақ батыр Абақ Керей тайпасын бастап Сырдан Алтайға жылжи бастайды.Көш бірнеше бөлек бөлек топтармен көшіп барды.Алтайға қоныс тепкен сәтте Моңғол,Ойрат,Ұраңқай рулары Қазақтарға тыныштық бермеді.Сол үшінде Абақ Керей мен Моңғолдар арасында қақтығыстар орнап тұрды.Абақ Керейлер Моңғолдарды жеңіп оларды Алтайдан ығыстырып отырды.Соңғы Алтай Моңғолдары 20ғасырда құрып жоғалды.Оларды Сары Уаң деген Қалмақ бастап,Қазақтар ауылдарын шауып отырған.Оған қарсы Бөке деген батыр шығып Сары Уаңның басын алып сонымен қатар Моңғол,Қалмақ және соған тектестерді Алтайдан шегіндіріп тастады.Абақ Керейлердің саны көбейіп өскен кезде олар жан жаққа көше бастады бұл үрдіс 19ғасырда басталып,20ғасырда аяқталды.18 ғасырда Абақ Керейдің Шеруші елі қазіргі Моңғолияның Батысына қарай өтті.Олар қазіргі кездегі Моңғолия Қазақтары атанып отыр.18ғасырда Абақ Керейлер Алтайдан Баркөлге Тарбағатайдың Солтүстігіне көшеді.Абақ Керейді Алтайға көшкен сәттен бастап Әбілпейіз сұлтанның ұлы Көгедай елді биледі.Оның елін Көгедай ордасы деп атады.Тереториясы Шығыс Қазақстанның Көкпекті, Жарма, КатонҚарағай, Күршім,Шұбартау,Самар аудандары мен Қытайдағы Алтайда болды.Кейін тереториясы Шығыс Қазақстаннан Алтайға қарай ысырылып отырды.Көгедай елін әділ билеген ешкімді бөлектемеген әділ хан болды.Ол қайтыс 55 жасында болады.Сонда Нұрбала апамыз былай жоқтаған екен:
Рулары
12 ірі рудан құралады:
Тайпа | Таңбасы | Ұраны | Ру |
---|---|---|---|
Абақ Керей | ![]() | Жәнібек | |
Жәнтекей | ![]() | Шақабай | есағасы, ботақара, қазыбек, тасбике, есіргеп, барқы, түкібай, хангелді, секел, атантай, шақабай, базарқұл |
Жәдік | ![]() | Жанат | Жанат, Мәлік, Итемген, Мұңал |
Жастабан | ![]() | Жобалай | Бекназар: Қожаберді, Құдайберді, Қойлыбай, Жәдігер Қосай: Еламан, Рысбетек, Жолай, Жолымбет, Құтыке |
Шеруші | ![]() | Байтайлақ | Төлек, Саңырау, Құрман, Ұзынмылтық, Бақат, Ожық, Шапас |
Шұбарайғыр | ![]() | Қожаберген | |
Шимойын | Әлмембет | Байназар, Қайназар, Есназар, Ерназар, Жаназар, Маназар, Алданазар, Жолдыбай, Жылыбай, Қосай, Досай | |
Меркіт | ![]() | Құлсары | |
Молқы | ![]() | Машан | |
Ителі | ![]() | Бұқарбай | Ақбақты: Қазеке, Дәуіт, Таз, Сұлтанқұл, Есенқұл, Ақмалай, Кенжебай,Дәуітқалаи,Қожанқұл Ақмерген (Тыныбек): Атанас, Қарақұл, Қарамбет, Жәдігер Ақмалай (Күйік): Елтоқ, Дәулет, Тоқтағұл, Бесшал, Қалматай. |
Сарбас | ![]() | Сартоқай | |
Көнсадақ | ![]() | Жабай | Шолан: Ақтас |
Қарақас | ![]() | Қаптағай |
Территория
Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай, Тарбағатай, Құмыл аймақтарында, Санжы, Бөртала автоном. обл. Гансу, Синхай өлкесіндегі Ақсай, Алтыншоқы автом. ауд-да, Монғолиядағы Алтай,Қобда,Баян Өлгейде тұратын Қазақтар Абақ Керей елінен тараған.Қазақстанның Шығысы мен басқа аумақтарында қоныстанған.
Басшылары
- Көгедай Әбілпейізұлы (1788–1824)
- Ажы Көгедайұлы (1824–1876)
- Қасымхан Ажыұлы (1876–1890)
- Жеңісхан Қасымханұлы (1891–1911)
- Әлен Жеңісханұлы (1911–1945)
- Закихан Жеңісханұлы (1945–1949)
Тұлғалар
- Ер-Жәнібек батыр Бердәулетұлы Жәнтекей
- Байтайлақ батыр Шеруші
- Машан батыр Молқы
- Бұқарбай батыр Ителі
- Қаптағай батыр Қарақас
- Құлсары батыр Меркіт
- Жобалай би Жастабан
- Шақантай батыр Жастабан
- Сартоқай батыр Сарбас
- Жабай батыр Көнсадақ
- Қожаберген батыр әрі жырау Шұбарайғыр
- Шақабай батыр Жәнтекей
- Жанат батыр Жәдік
- Бәке батыр Жәдік
- Ақтай би Шеруші
- Бозтай би Шеруші
- Біржан Сал Қожағұлұлы Жәдік
- Ақтан Бабиұлы Жәдік
- Есімхан Иманбайұлы
- Ақтеке Бітімшіұлы
- Дәлелхан Сүгірбайұлы Шеруші
- Дәркен батыр Шеруші
- Дәлелхан палуан Мешелұлы Қарақас
- Мәңгене батыр Шеруші
- Сұлубай батыр Сапыұлы Жәнтекей
- Рысхан батыр Ноғайбайұлы
- Қалел тәйжі
- Шұбаш батыр Шеруші
- Елісхан батыр Әліпұлы
- Зуқа батыр Сәбитұлы Ителі
- Бөке батыр Жырғалаңұлы
- Бейсенбі би
- Нысанбай күйші
- Байжігіт күйші
- Мұхтар Мағауин Жастабан
- Дәлелхан Жаналтай
- Қаржаубай Сартқожаұлы
- Мұса мерген
- Нұрқожай батыр Жәнтекей
- Қалибек хакім
- Шердиман батыр Оспанұлы Молқы(Оспан батырдың ұлы)
- Ақыт қажы Үлімжіұлы Молқы
- Қалман батыр Ақытұлы
- Оспан батыр Исламұлы Молқы
Тағы қараңыз
- Абақ Керей Ережесі
Дереккөздер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Абақ Керей туралы ақпарат, Абақ Керей дегеніміз не? Абақ Керей нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!