Тобанияз Әлниязұлы
| Тобанияз Әлниязұлы | |
Тобанияз Әлниязұлы | |
| Туған күні | 1875 |
|---|---|
| Қайтыс болған күні | 9 қазан 1930 |
| Ұлты |
|
| Қызметі | Хан |
Тобанияз Әлниязұлы (1875 жыл, бұрынғы Закаспий облысы, Маңғыстау уезі, Жеменей болысы – 9 қазан 1930 жыл, Алматы) — Байұлы тайпасы Адай руының Жеменей бөлімінен шыққан қоғам қайраткері, Адай ревкомының бірінші төрағасы, саясаткер. Адай көтерілісінің басшысы болған.
1916 жылы патша жарлығына қарсы шыққаны үшін тұтқынға алынып, 1917 жылы патша үкіметі құлағаннан кейін абақтыдан босатылды. 1918–1923 жылдары Адай оязының революциялық комитетінің төрағасы. Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесінің жетекшілері – Халел және Жаһанша Досмұхамедовтермен тығыз байланыста болды. Жангелдин экспедициясына қолдау көрсетті. Қазақтар мен түрікмендердің достық қарым-қатынаста болуына күш салып, екі халық арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт түрде шешуге қол жеткізді. Қылмыс жасағандарға құн төлету керектігін жақтап, мұны өзі басқарған уезде енгізбекші болды. Кеңестік билікке қарсы Қарақұм өңірінде жүріп жатқан қозғалысқа қолдау танытты. Билік орындарының нұсқауларында жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі, дініндегі ерекшеліктердің сақталуын талап етті. 1923 жылы Тобаниязға «ұлтшыл», «діндар» деген айып тағылды. Соған орай ол уездік революциялық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. 1924–1928 жылдары уездік салық инспекторы болып еңбек етті. 1929 жылы желтоқсанда тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. Тобанияз Әлниязұлы 1990 жылы 26 сәуірде Қазақ КСР-і Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.
Мүсіні
| ]Ақтауда саяси қайраткер Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші ашылды. Адай көтерілісі басшысының мүсіні қоладан құйылған. Сондай-ақ оның қасында қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың есімі жазылған стелла бар. Саясаткердің немересі атап өткендей, репрессия құрбандарының ұрпақтары үшін бұл өте маңызды.
Өткен ғасырда Адай уезі революциялық комитетін басқарған мемлекет қайраткері Тобанияз Әлниязұлы Батыстағы өңірдің жетекшілері Досмұхамедпен бірге елдің бірлігін, мемлекеттің азаттығын аңсады. Оның еңбегі зор. Қазір еңбегі еленді. Сөзсіз, мұның бәрі жастарға өнеге.
- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев.
Дереккөздер
| ]- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
- Ақтауда саяси қайраткер Тобанияз Әлниязұлына ескерткіш қойылды (қаз.).
- Ақтауда Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші ашылды (қаз.).
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1875 жылы туғандар
- 9 қазанда қайтыс болғандар
- 1930 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ батырлары
- Қазақ би-шешендері
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тобанияз Әлниязұлы туралы ақпарат, Тобанияз Әлниязұлы дегеніміз не? Тобанияз Әлниязұлы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!