Мағауия Сұлтанияұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мағауия Сұлтанияұлы

 | ]

Мағауия Сұлтанияұлы (1921 ж.туған, Моңғолия, Баян Өлгий аймағы, Бұлғын ауданы) — жазушы, аудармашы, журналист. Моңғолия мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері (1996). МХРП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1969). 1945 — 83 ж. Баян Өлгий аймағында ауыл мектептерінде мұғалім, “Жаңа өмір” газетінде және аймақтық баспа редакциясында редактор болып қызмет еткен. “Ешкімге айтпа” атты алғашқы кітабы 1972 ж. жарық көрді. Оның

  • “Отан ұлдары”
  • “Өмір өрнегі”
  • “Мамық”
  • “Менің ұстаздарым”
  • “өрпақ тағдыры”
  • “Сүмбіле”
  • “Ақ бата” т.б. шығармаларының тілі шұрайлы, тарихи-этнография деректерге бай.

Ал өлеңмен жазылған “Шыңғыс хан” (2000) романына Шыңғыс ханның қазақ тарихына қатысты қырлары өзек болған. Ол моңғолдың көне тарихына қатысты “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Шыңғыстың қос тұлпары”, “Бұйым батыр”, “Жәңгір” секілді мұраларды қазақ тіліне тәржімалады. Оның көптеген туындылары моңғол тілінде жарық көрді. Моңғолияның Еңбек Қызыл Ту, Алтын жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер

 | ]


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мағауия Сұлтанияұлы туралы ақпарат, Мағауия Сұлтанияұлы дегеніміз не? Мағауия Сұлтанияұлы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *