Тәйімбет Көмекбаев
Тәйімбет Көмекбаев(1896, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы- 13.2.1987, Жосалы кеніші) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, барлаушы. Кеңес әске- рі қатарына 1942 жылы алынып, I Украина майданы 21-армия 128-атқыштар дивизиясы 533- атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылдың басында Көмекбаев жерлестері Сарыбаев және Жармашбаевпен бірге жаудың штаб үйіне тұтқиылдан шабуыл жасап, жаудың 12 әскері мен 2 офицерін тұтқындады. Познань (Польша) қаласының түбінде Көмекбаевтың барлаушылары ұрыссыз 17 жау әскері мен 2 офицерін тұтқынға алды. 1945 жылы Гливине (Глествиц) қаласына бірінші болып кірді. 1945 жылы 6 қаңтарда Көмекбаев алғашқылардың қатарында Одер (Одра) өзенінен өтіп, оның батыс жағалауындағы плацдармды ұстап тұрған жауынгерлер қатарында жаудың 5 дүркін шабуылын тойтаруға катысты. Бриг қаласына шабуыл барысында жаудың станокты пулеметін, 60 әскерін жойып, 12 гитлершіні тұтқынға алды. Ұрыстардағы ерекше қаһар- мандығы үшін Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4. 1945). Ол 1-Украина майданының өкілдері құрамында Мәскеудегі Қызыл Алаңда болған Жеңіс шеруіне қатысты. Соғыстан кейін ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
| ]- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Тұлғалар
- Ұлы Отан соғысы
- Кеңес Одағының батырлары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тәйімбет Көмекбаев туралы ақпарат, Тәйімбет Көмекбаев дегеніміз не? Тәйімбет Көмекбаев нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!