Созақ мешіті
Созақ мешіті, Қанаи Хақ мешіті, Қанаһа мешіті (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Созақ мешіті | |
![]() | |
Статусы | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
---|---|
Құрылысы басталды | XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы |
Картада орналасуы | |
|
Координаттар: 44°08′50″ с. е. 68°28′10″ ш. б. / 44.14722° с. е. 68.46944° ш. б. (G) (O) (Я)


Орналасқан жері
Түркістан облысы Созақ ауданындағы Созақ ауылында орналасқан.
Мешіт сипаты
Мешіт осы өлкелерге уағыз айтып, рухани қызмет ету мақсатында келген, өңірге белгілі дін қайраткері, этникалық ноғай шейхы Ахметтің есімімен аталған. Шейх Ахметті өз жерлестері құрметтеп, қайтыс болғаннан кейін Ноғай-Ишан деген атпен танымал болды. Мешіт Созақтың ең үлкен сәулет ескерткіші.
Мешіт – тік төртбұрышты ғимарат. Ескерткіш күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, сонымен қатар ағаш конструкциялы бөлшектер кеңінен пайдаланылған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мешіт негізінен айуанмен жалғасатын шаршы намаз залдан тұрады. Ғимараттың маңызды композиц. өзегі жоғары бөлігінде витражы (түрлі түсті әйнек) және бұрыш-бұрышында үйлесімді мұнаралары бар биік порталды дарбаза мен алдыңғы беті болып табылады. Айуанның қаңылтырлы шатырын оймышты сәнді бағаналар тіреп тұр. Алдыңғы бетіне қалақтар мен қауғалардың суреті салынған, намаз залдарының ішкі төбесі әшекейленіп безендірілген, портал витражының сәндік темір торы нақышталған. Созақ мешітінің композициясына Орталық Азия мен орыс архитектурасының элементтері қатар қолданылған.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Созақ мешіті туралы ақпарат, Созақ мешіті дегеніміз не? Созақ мешіті нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!