Шығыс Сібір
Шығыс Сібір — Азия, Сібір құрлығының солтүстік-шығысындағы кең-байтақ аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты тарихи еңбегінде: «Дін исламға кіре алмай қалған, осы күнде Күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар» деген тұжырым айтып, Минусинскіні, Бийскіні, Кузнецкіні мекендеген Сібір халықтарының «тілінен, әдетінен, түсінен туысқандығы анық көрініп тұрғандығын» сол тұжырымына дәлел етіп ұсынады, олардан қырғыздар мен қазақтардың Алатауға ауысу тарихын баяндайды.

География
- Ресейдің шығыс жағындағы өңірі.
- Батысында Енисей өзені
- шығысында Тынық мұхиттың суайрық жоталары
- солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара, Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздері,
- оңтүстігінде Моңғолия шекарасы
- Ауданы 7,2 млн. км2.
- Шығыс Сібір аумағында:
- Якут республикасы
- Бурят республикасы
- Тыва республикасы
- Краснояр өлкесі
- Иркутск облысы
- Чита облысы
Жердің рельефі
Шығыс Сібірдің көп бөлігі солтүстігінде тундралық ойпаттар, ал оңтүстігінде және шығысында Батыс және Шығыс Саян, Байкал сырты және Яна-Колыма биік таулы өңірлеріне біртіндеп ауысатын тайгалық Орта Сібір таулы үстірті құрайды. Шығыс Сібірдің негізі Сібір платформасынан тұрады. Аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі – Байкал тау жаралу кезінде қатпарлыққа ұшыраған. Бырранга, Батыс Саян, Тува таулары – палеозой қатпарлы облысына, Солтүстік-Шығыс Сібір (Верхоянск және Черский жоталары) және Шығыс Байкал сырты таулары (Хамар-Дабан, Баргузин, Яблоновый жотасы, т.б.) – мезозой қатпарлы облысына жатады.
Кен байлықтары
Кен байлықтарынан тас көмір, алтын, никель, кобальт, мыс, полиметалл, қалайы, сирек металдар, темір кентасы, слюда, асбест, графит, флюорит, талық, магнезит, нефелин, тұз өндіріледі.
Климат
Климаты қатаң, тым континенттік. Орташа жылдық ауа температурасы 0°С-тан төмен (солтүстік-шығысында –18°С-қа дейін төмендейді). Қысы ұзақ әрі өте суық, жазы салыстырмалы жылы. Орташа айлық температурасы қаңтарда –18° –20°С (абсолюттік минимум Якутияда –70°С), шілдеде 5 – 20°С.
Жауын-шашындар
Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 – 500 мм (биік таулы өңірлерде 1000 – 1200 мм). Жауын-шашынның 70%-дан астамы жылы маусымға келеді. Шығыс Сібір қатаң климаты көп жылдық тоңның кең көлемде (ауданы 4 млн. км2-ден астам, қалыңдығы 200 – 500 м-ден Марха өзені алабында 1500 м-ге дейін) таралуына себеп болды.
Су ресурстары
Өзендері түгелдей (Амур өзенінің жоғарғы ағысын есептемегенде) Солтүстік Мұзды мұхит алабына жатады. Ірілері:
- Енисей
- Лена
- Индигирка
- Колыма
- Хатанга
- Анабар
- Оленек
Негізінен қар және жаңбыр суымен толығады. Ірі көлдері:
- Байкал
- Таймыр
Табиғат
Өсімдік-топырақ жамылғы
Өсімдік-топырақ жамылғысының қалыптасуында белдемділік айқын байқалады. Тундраның, орманды-тундраның батпақты-глейлі күлгін топырағында мүк-қына, аласа бұта өсімдіктері, орман белдемінде (тайга) қылқан жапырақты өсімдіктер басым. Орманды-дала, дала өсімдіктері Тува қазаншұңқырында, Байқал сыртында таралған (бұл өңір негізгі ауыл шаруашылықты аудан).
Жануарлар
Жануарлар дүниесінен солтүстік бұғысы, ақ түлкі, тиін, бұлғын, қасқыр, қарсақ, түлкі, бұлан, қоңыр аю, құстардың көптеген түрлері тіршілік етеді.
Тағы қараңыз
- Батыс Сібір
- Қиыр Шығыс
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Сілтемелер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шығыс Сібір туралы ақпарат, Шығыс Сібір дегеніміз не? Шығыс Сібір нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!