Шәпек Күзембаев
Шәпек Күзембаев (1906-1985) — кеңестік шаруашылық, мемлекет және саяси қайраткер, Социалистік еңбек ері.
Шәпек Күзембаев | |
Туған күні | 1906 |
---|---|
Туған жері | Қазалы ауданы, Қызылорда облысы |
Қайтыс болған күні | 1985 |
Партиясы | КОКП |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Өмірбаяны
1906 жылы Қазалы ауданындағы 12 ауылында туған. 1939 жылдан бастап КОКП мүшесі.
1922 жылы отбасымен Қарақалпақстанға қоныс аударған. 1926 жылдан бастап — шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыста істейді. 1926-1972 жылдары — Бұхара облысы, Қаракөл ауданының «Қаракөл» кеңшарындағы, Қашқадария облысы, Қасансай ауданы, «Мүбарак» кеңшарындағы ферманың шаруасы, меңгерушісі, «Мүбарак» кеңшары директорының орынбасары, Бұхара облысы Кенимех ауданы, «Кенимех» кеңшарындағы ферма меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1958 жылғы 6 тамыздағы Жарлығымен Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
КОКП XXII съезінің делегаты.
1985 жылы дүниеден өтті.
Сілтеме
- Кузимбоев Шапек // Ўзбек Совет Энциклопедияси [Текст, 14 томлик]: 14 томлик./ ред. И. М. Муминов. — Тошкент : Ўзбек Совет энциклопедияси Бош редакцияси, 1977. — Т.14. — С. 270.
Дереккөздер
- Аудандық қоғамдық-саяси газет №74 (862) Сенбі, 17 қыркүйек 2016 жыл(қолжетпейтін сілтеме)
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шәпек Күзембаев туралы ақпарат, Шәпек Күзембаев дегеніміз не? Шәпек Күзембаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!