Шілікті аңғары
| Шілікті аңғары | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 1150 м |
| Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 70 км |
| Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 30 км |
| Өзендер | Қандысу, Терісайрық, Шағаноба, Кергентас |
| Орналасуы | |
| 47°11′23″ с. е. 84°32′38″ ш. б. / 47.189733° с. е. 84.543837° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°11′23″ с. е. 84°32′38″ ш. б. / 47.189733° с. е. 84.543837° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы |
Шілікті аңғары, Шілікті жазығы – Тарбағатай және Сауыр жоталары аралығындағы тауаралық табан.
Географиялық орны
| ]Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Зайсан аудандары жерінде.
Жер бедері
| ]Аңғарлы жазық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылған, енді жері 30 км-ге жуық. Теңіз деңгейінен 1050 – 1150 м биіктікте орналасқан. Ортасында (Шілікті аңғарынан батысқа қарай) сазды-батпақты көлтабан жатыр. Оның ұзындығы 25 км, ені 7 – 8 км. Қытаймен шектесетін қиыр шығысы теңіз деңгейінен 1400 – 1500 м биіктікте.
Геологиялық құрылымы
| ]Аңғары негізінен палеозойлық қатпарлану кезеңінде қалыптасқан. Жер қыртысы құмтас, алевролит, конгломераттан түзілген. Кейбір жерлерінде триас және юра кезеңдерінің андезиттері, бор мен плиоцендік саздақты-құмды қабаттар кездеседі. Тектоникалық тұрғыдан аңғар тау түзілу кезеңінің жаңа көтерілген ойысына жатады. Сондықтан да жер бедерінде неоген-антропогендік қозғалыстарының да әсері байқалады. Баяу тектоникалық қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Жер қойнауында тас көмір (Кендірлік көмір кен орны), құрылыс материалдары кен орындары бар.
Климаты
| ]Климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –16 – 18°С, кейде –46°С-қа дейін төмендейді, шілдеде 20 – 22°С, кейде ауа температурасы 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм, тау бөктері мен қиыр шығысында 500 – 550 мм-ге жетеді. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының 3-онкүндігінде қалыптасып, сәуірдің соңында кетеді. Шілікті аңғарының орта тұсынан шығыстан батысқа қарай Қандысу және Кендірлік өзендері және олардың салалары ағып өтеді. Жер асты тұщы сулары 5 – 10 м тереңдікте жатыр.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
| ]Тауаралық аллювийлі-пролювийлі дала ландшафтысының топырағы орта тұсында бозғылт қоңыр, қо-ңыр, шеткі өңірлерінде қызғылт қоңыр және қара топырақ қалыптасқан. Құнарлы топырағында бұта, ши аралас астық тұқымдас шөптесін (бетеге, селеу, қылқан боз, айрауық, қияқ, атқонақ, тағы басқа), тау бөктерлерінде қарағай, қайың, көктерек, тал, жабайы алма, итмұрын, емдік қасиеті бар қара меңдуана, ащы жусан, долана, қара андыз, қырықбуын, тағы басқа өседі. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, құну, бұлғын, сусар, қара күзен, аламан, марал, тау ешкісі, тағы басқа мекендейді. Шағын көлдері мен суы мол өзендерінде қаз, үйрек, бірқазан, тырналар, тағы басқа ұя салады. Сулары балыққа бай. Шілікті аңғары – шүйгін шабындық, шұрайлы жайылымдық өңір саналады.
Дереккөздер
| ]- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
- Алфавит бойынша ойпаттар
- Қазақстан ойпаттары
- Шығыс Қазақстан облысы географиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Шілікті аңғары туралы ақпарат, Шілікті аңғары дегеніміз не? Шілікті аңғары нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!