Электронды кітапхана

Электронды кітапхана — сандық пішімге көшірілген мәтіндерді сақтау үшін жасалған сайт.
Кәдімгі кітапханалардағыдай мұндай сайттар жалпы, әдеби, техникалық және т.б. болып бөлінуі мүмкін.
Электронды кітапхана қызметін географиялық және уақыт факторларына қарамай пайдалануға болады.
Сондай-ақ әр сөз, әр сөз тіркесі, әр сан бойынша іздеу функциясы да оқырман үшін өте тиімді.
Мысалдары
| ]Гутенберг жобасы алғашқы электронды кітапхана болып есептелінеді. Жоба 1971 жылы істей бастады, ал сайты 1990-шы жылдары пайда болды.
Google 2002 жылы кітаптарды сканерлеу және серверлерде сақтау жобасын бастады. Бұның нәтижесі ретінде 2004 жылы Google Books қызметі істей бастады.
Уикиқайнар қызметі 2003 жылдан бері істейді. Бұл — әрдайым толықтырылып отыратын, барлық тілдерде қолжетімді болып келетін мәтіндер қоры.
Сақтау пішімдері
| ]Оқырманға ұсынылатын файлдардың пішімдері бойынша электронды кітапханалар негізгі екі түрге бөлінеді: онлайн оқуға болатын және жүктеп алуға арналған.
Онлайн оқуға болатын мәтіндер негізімен HTML түрде беріледі. Сондай-ақ TXT, DjVu және басқалар бар.
Жүктеу үшін көбінесе Rtf, Doc, сондай-ақ ePub, FB пішімдері қолданылады.
Кейбір телекоммуникациялық корпорациялардың өз файл пішімдері болады, Amazon.com-дағы azw, Sony-дегі BBeB.
PDF бұрын көбінесе жүктеуге арналған файлдар үшін қолданылатын, жаңа нұсқалары онлайн оқуға да бейімделген.
Тағы қараңыз
| ]- Мәтіндік файл
- Электронды кітап (құжат)
Дереккөздер
| ]- Thomas, Jeffrey Project Gutenberg Digital Library Seeks To Spur Literacy. US Department of State, Bureau of International Information Programs (20 July 2007).
- How Wikipedia Works — No Starch Press, 2008. — P. 435–436. — ISBN 978-1-59327-176-3.
| ||||||||||||||||||||||
- Интернет
- Кітапхана ісі
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Электронды кітапхана туралы ақпарат, Электронды кітапхана дегеніміз не? Электронды кітапхана нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!