Серік Ақсұңқарұлы

Серік Ақсұңқарұлы - ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Ол 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды, Жезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі болған.
Арғын тайпасының Қаракесек руының Қырғыз бұтағынан шыққан. 1967 - 1974 ж. туған ауылында шопан, 1974 - 1978 ж. Ақтоғай ауданы "Арқа еңбеккері" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1978 - 1987 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Коммунизм таңы" газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды. 1987 - 1990 ж. еркін шығармашылық жұмыста болды. 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі.
"Көктем тынысы" (1975), "Қарлығаш" (1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. "Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті" (1984), "Ғасыр кардиограммасы" (1991) кітаптары, "Жезтасқын" (1988), "Қызыларай" (1990) "Адам-Ата - Хауа Ана"(2000) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Орыс ақындары А.С. Пушкин, Анна Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Серік Ақсұнқарұлы -1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыларай" ұжымшарында дүниеге келген.. Қарағанды педагогикалық институтында,әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық, "Арқа еңбеккері", Қарқаралы аудандық "Коммунизм таңы" газеттерінде тілші,бөлім меңгеушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды-Жезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір облыстық "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры.
Шығармалары
| ]Жас ақындардың "Көктем тынысы" ("Жазушы",1975), "Қарлығаш"("Жалын",1981)жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. "XX ғасырдың жиырма сәті" поэма-понорамасы ("Жалын", 1990),"Ғасыр кардиогрмассы" ("Жазушы",1991) кітаптары, "Адам ата-һауа Ана"("Қазақстан", 2000), "Өмір деген күнді айналу" ("Жазушы",1991), "Төбемнен жауһар жауып тұр" (2005), "Қыпшақ хикаясы"("Қазығұрт",2008) атты өлең поэмалар жинағы жарық көрген. А. Пушкин, А.Ахметова, М.Цветаева, Е. Евтушенко, А. Вознесенский, Р. Рождественский, т.б шетел ақындарын қазақшаға тәржімалаған.
Жетістіктері
| ]Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарт министрлігінің "Мәдинет қайраткері" белгісімен марапатталған.
Дереккөздер
| ]- «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- "Қазақстан жазушылары" анықтамалық, Ан Арыс баспасы, Алматы, 2009,ISBN 978-601-7130-43-5
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
| ]| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 1950 жылы туғандар
- Қазақстан жазушылары
- Қарағанды облысында туғандар
- Қазақстан ақындары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Серік Ақсұңқарұлы туралы ақпарат, Серік Ақсұңқарұлы дегеніміз не? Серік Ақсұңқарұлы нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!