Әуе-десант әскері

Әуе-десант әскері (орыс. воздушнодесантные войска) — қарсылас тылына түсіруге және онда соғыс қимылдарын жүргізуге арнайы дайындалған құрлық, әскерлерінің бір түрі. Әуе-десант әскері құрамына жаяу әскерден басқа артиллерия, танк, инженерлік және байланыс әскер бөлімдері де кіреді. Ол өз міндетін шабуылға шыққан құрлықтағы әскерлермен, әскери-әуе күштері, әскери-теңіз флотының бөлімдерімен қоянқолтык кимын жасай отырып орыңдайды. Әуе-десант әскері қарсыласты жоюға жәрдемдеседі, оның тылындағы жұмыстарына кедергі жасайды. Шабуыл кезіңде әуе-десант әскері шабылдаушы әскерлердің қарсылас қорғанысын бұзып өтуіне, олардың резервтерін бөлшектеп талқандауға, ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын каруларын істен шығаруға күш салады. Қорғаныс кезінде әуе-десант әскері қарсылас шабуылына тойтарыс беріп, шешуші шайқаста жаяу әскерлермен бірігіп әрекет жасайды.
Дереккөздер
| ]- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Әскери іс
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әуе-десант әскері туралы ақпарат, Әуе-десант әскері дегеніміз не? Әуе-десант әскері нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!