Сары қараған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сары қараған (ағылш. Caragana arborescens) - бұршақ тұқымдасына жататын биіктігі 0,5-2 м бұта не 5-7 м ағаш.

Биологиялық сипаттамасы

 | ]

Жапырағы қауырсын салалы, шоқтанып орналасқан, қосалқы жапырақшасы тікенді. Гүлі қос жынысты, сары гүлі 1-5 тен топтанған. Жемісі 5-8 тұқымды бұршақ. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілде-тамызда жемісі піседі. Сары Қараған тез өседі, суыққа төзімді, тұқымынан және жас шыбығынан көбейтіледі. Сары қараған қалың бұталы орманды және орманды далалы аймақтарда, жыра, ай, тау бөлітерінде өседі.

Таралуы

 | ]

Сары қараған Шығыс және Батыс Сібірде, Монғолияда, Қазақстанда: Көкшетау, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында таралған.

Қолданылуы

 | ]

Сары қарағаны топырақты құнарландырады, жас бұтақтарынан себет тоқылады. Әсемдік үшін қолдан өсіріледі, гүлінен ара бал жинайды. Тұқымы майлы, құсқа жем.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы, 10 том, 43-44 бет

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сары қараған туралы ақпарат, Сары қараған дегеніміз не? Сары қараған нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *