Сара Алпысқызы Назарбаева
Сара Алпысқызы Қонақай (туған тегі — Қонақаева, некедегі тегі — Назарбаева; 12 ақпан 1941 жыл, Қызылжар, Қарағанды облысы) — қазақстандық қоғам қайраткері, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі, Қазақстанның тұңғыш бірінші ханымы.
Сара Алпысқызы Назарбаева | |||||||
![]() Назарбаева, 2000 жыл | |||||||
Лауазымы | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
16 желтоқсан 1991 — 20 наурыз 2019 | |||||||
Ізашары | лауазым құрылған | ||||||
Ізбасары | Надежда Тоқаева | ||||||
Өмірбаяны | |||||||
Білімі | Қарағанды индустриялық университеті | ||||||
Мамандығы | экономист | ||||||
Азаматтығы | |||||||
Дүниеге келуі | 12 ақпан 1941 (84 жас) Қызылжар, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||
Династия | Назарбаевтар | ||||||
Туған кездегі есімі | Сара Алпысқызы Қонақаева | ||||||
Әкесі | Алпыс Қонақаев | ||||||
Жұбайы | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||
Балалары |
| ||||||
Марапаттары |
| ||||||
Sara Nazarbayeva Ортаққорда | |||||||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Қарағанды металлургия зауытындағы ВТУЗ-да оқыған Қонақайдың білімі жоғары, мамандығы — инженер-экономист. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан.
Қоғамдық қызметі
Сара Алпысқызы 1992 жылы Бөбек қайырымдылық қорының негізін қалады да, оның президенті атанды. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Назарбаеваның бастамасымен Қазақстанда жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылатын.
Президент зайыбы елдегі колледждер мен жоғарғы оқу орындары мен училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келетін. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын Бөбек қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
Президент зайыбы «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
1994 жылдан бері Назарбаева «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» қорының (аустриялық Kinderdorf International-дің қазақстандық филиалы) президенті болған. 1999 жылдан бастап ол — «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің президенті.
Өз өмірі
Сара Қонақай 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа үйленіп, тегін Назарбаева деп ауыстырды. Бұл некеден үш қыз бала: туған. Сара Алпысқызының бұл некеден, оған қоса, 11 жиені және 1 жиеншары болған. 2005–2012 жылдар аралығында Сара Алпысқызының тегін Назарбаевадан Қонақайға ауыстырғаны тіркелген.
Дереккөздер
- Сара Назарбаева бірнеше жыл бұрын өзінің "Қонақай" тегін қайта алғаны белгілі болды (қаз.). qaz365.kz (17 сәуір 2023). Тексерілді, 15 мамыр 2025.
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- НАЗАРБАЕВА (КУНАКАЙ) Сара Алпыскызы (орыс.). centrasia.org. Тексерілді, 15 мамыр 2025.
- Алтай шежіресі, жауапты редактор - Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
- Назарбаева Сара Алпысовна (орыс.). wok.kz. Мұрағат көшірмесі 13 қаңтардың 2014 Wayback Machine мұрағатында
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сара Алпысқызы Назарбаева туралы ақпарат, Сара Алпысқызы Назарбаева дегеніміз не? Сара Алпысқызы Назарбаева нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!