Сандық талдау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сандық анализ, сандық талдау — аналитикалық химияның зат құрамындағы жеке бөліктердің сандық қатынасын анықтайтын әдістер жөніндегі бір саласы. Зерттелу әдістеріне байланысты Сандық анализ элементтік талдау, функционалдық талдау және молекулалық талдау болып үшке бөлінеді. Олардың әрқайсысы зат құрамындағы хим. элементтердің, функционалдық топтардың, молекулалық қосылыстардың, т.б. сандық мөлшерін анықтайды. Сандық анализ заттың сапалық құрамы белгілі болған жағдайда ғана тиімді әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады.

Зерттеуге алынатын заттың мөлшеріне байланысты Сандық анализ:

  • макроәдіс (сынама массасы 0,1 г-нан көп),
  • жартылай микроәдіс (0,01 — 0,1 г),
  • микроәдіс (0,001 — 0,01 г),
  • ультрамикроәдіс (шамамен 1 мкг),
  • субмикроәдіс (шамамен 0,001мкг) деп бөлінеді.

Сандық анализ ғыл.-зерт. жұмыстары мен өндірісте жиі қолданылады. Ол арқылы жер қыртысының және атмосфераның сандық құрамы зерттеледі.

Пайдаланылған cілтемелер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сандық талдау туралы ақпарат, Сандық талдау дегеніміз не? Сандық талдау нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *