Рентген сәулелері

Рентген сәулелерін 1895 жылы В. Рентген ашқан. Жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10−12÷ 10−9м) электромагниттік сәулелер рентген сәулелері болып табылады.
Рентген сәуле шығаруын классикалық электромагниттік теорияның аясында түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша үдей қозғалатын зарядталған бөлшек міндетті түрде сәулеленуі тиіс. Қарастырылып отырған жағдайда электрон антикатодқа соғылып тежеледі де, теріс үдеу алады, сондықтан ол сәулеленеді.
Сәулеленудің қуаты электрон зарядының квадратына және оның үдеуінің квадратына пропорционал, яғни р ~ е2а2. Электрон тежелгенде классикалық теория бойынша нөлден шексіздікке дейінгі барлық интервалдағы толқын ұзындықтары бар сәулелер шығу керек. Сәулелену қуатының максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы электрондардың жылдамдығы артқан сайын азаюы тиіс, яғни ол үдетуші U кернеуді арттырғанда қысқа толқындар жағына жылжуы керек.
Қолданысы
| ]Рентген сәулелері өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданылып отыр. Солардың бірнешеуін атап өтейік. Рентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады. Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Қасиеттері
| ]- Бұл сәулелер жоғары өтімділік қабілетіне ие, олар қалыңдығы 10 см алюминий пластинадан оңай өтіп кетеді;
- Магнит өрісі рентген сәулелерін ығыстыра алмайды;
- Бұл сәулелер химиялық активтілікке ие, олардың әсерінен қара қағазбен жабылып тұрған фотопленка да қараяды;
- Сәулелер таралу көзінен сфералық түрде таралмайды, олардың белгілі бағыты болады.
Рентген сәулелерінің қасиеттерін зерттеу барысында физиктер рентген сәулелері жиілігі ультракүлгін сәулелердің жиілігінен жоғары электромагниттік толқындар болып табылады деген қорытындыға келген.
Рентген сәулелерінің табиғаты
| ]Рентген сәулелері екі себептен туындайды.
Олардың біріншісі: жылдам электрондардың кедергі арқылы тежелуі. Бұл жағдайдағы сәулелену тежеулік рентгендік сәулелену деп аталады.
Екінші себебі: жылдам электрондар металл бетінде тежелу кезінде металдың беткі қабатында орналасқан атомдардың электрондардың орналасуының нәтижесінде металл атомдары энергия шығарады. Сәулелену металдың қасиеттеріне тәуелді жүреді, мұндай сәулелену сипаттамалық рентгендік сәулелену деп аталады.
Дереккөздер
| ]- Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті. ISBN 9965-36-055-3
- Физика. 9 сынып. Арман-ПВ (2019). 203 бет
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Физика
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Рентген сәулелері туралы ақпарат, Рентген сәулелері дегеніміз не? Рентген сәулелері нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!