Самани әулеті
| {{{атауы}}} | ||||
| ||||
|---|---|---|---|---|
Самани Әулеті — Самани мемлекетінде билік еткен парсы әулеті (819 — 999).
Арғы аталары Саман Худат, Балх маңындағы (Солт. Ауғанстан) Саман елді мекенінен. Араб үстемдігіне қарсы Рафи ибн Лейстің көтерілісін (806 — 10) басуда көрсеткен көмегі үшін Саманның балалары мен немерелері 819 ж. Мауераннахрдың ең маңызды қалалары мен уәлаяттарына басқарушы болып тағайындалды. Халиф Мамун Саманның немересі Нұхқа Самарқанды, Ахмедке Ферғананы, Яхьяға Шаш пен Усрушананы берді. Олар алғашқы кезде Хорасан басқарушылары Тахир әулетінің вассалы болды. 873 ж. Тахир әулеті құлағаннан кейін, Самани Әулеті толық дербестікке ұмтылды. 875 ж. Насыр І Самани Мауераннахрды толық бағындырды. 900 ж. оның мұрагері Исмаил Самани (892 ж.) және басқа да Самани Әулеті өкілдері Хорасан әмірі Әмір ибн Лейс Сафари әскерлерін талқандап, Хорасанды, Солт.-шығыс Иранды бағындырды. Мемлекеттің астанасы Бұхар қ., бұдан басқа экон. маңызды орт-тар: Самарқанд, Нишапур, Мерв, Үргеніш, Герат, Балх, Ғазни қ-лары болды. Самани Әулеті билеген тұста Орт. Азияның Хазариямен, Иранмен, бұлғарлармен, Қытай және Русьпен сауда байланыстары дамыды. Қалаларда медреселер, мешіттер, түрлі ғимараттар салынды. Бұхара өзінің ең бай кітапханасымен аты шықты. 997 — 99 ж. Бұхарды түріктердің басып алуына байланысты Мансұр ІІ-нің тұсында Самани Әулеті билік жүргізуді доғарды
Тағы қараңыз
| ]- Исмаил Ибн Ахмед Самани
Суреттер
| ]Дереккөздер
| ]- Әдеб.: Гафуров Б.Г., Таджики. Древнейшая и средневековая история, М., 1972.
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- 819 жылы құрылғандар
- 999 жылы таратылғандар
- Орталық Азия тарихы
- Иран тарихы
- Ауғанстан тарихы
- Тәжікстан тарихы
- Өзбекстан тарихы
- Мұсылман әулеттері
- Самани әулеті
- Иран билеушілері
- Орталық Азия тарихындағы мемлекеттер
- Иран тарихындағы мемлекеттер
- Ислам билеушілері әулеттері
- Бұқар тарихы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Самани әулеті туралы ақпарат, Самани әулеті дегеніміз не? Самани әулеті нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!