Сасани әулеті
Сасани әулеті – Таяу және Орта Шығыста 3–7 ғасырларда билік құрған иран әулеті. Парсы аңыздары бойынша елдің тұңғыш патшасы Сасанның есімімен аталған. Әулеттің негізін қалаушы Папактың ұлы Ардашир І 224 жылы Парфия патшалығын күйретті де, 226/227 жылдары Ктесифонда таққа отырды. Ардашир І және Шапур І (239–272) тұсында Иран біріктіріліп, батысы мен шығысындағы кең байтақ аймақтар қосылды. Сасани әулетінің Римді жеңуі мемлекетті нығайтып, шаїиншаїтың орталық өкімет билігін күшейтуіне мүмкіндік берді. Заратуштрашылдық мемлекеттік дінге айналды. 5 ғасырда Арменияның, Кавказ Албаниясының, Иберияның патшалары болып Сасани әулетінің мирасқорлары қойылды. Византия империясын Юстиниан I басқарып тұрған кезде Сасанилер Шығыс Рим империясымен 530-531 және 542 жылдары соғысты. Жергілікті халықтарды қанау күшейіп, 571–572 жылдары Арменияда көтеріліс болып өтті. 5 ғасырдың 90-жылдарында Маздактар қозғалысы өріс алды. Сасани әулеті билеген мемлекет 558–568 жылдары эфталиттерді (ақ ғұндар) талқандап, Ауғанстан мен Орталық Азияның (Әмударияның оңтүстік-батысы) бірқатар жерлерін қосып алды. Йемен бағындырылып, 589 жылы шамасында елге басып кірген түріктер талқандалды. Бірақ 7 ғасырдың басында Сасани әулеті Византиямен тоқтаусыз соғыстан (602-628) әлсіреп кетті де, Йездигерд ІІІ (632–651/652) тұсында мемлекетті арабтар жаулап алды.
{{{атауы}}} | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|



Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Сілтемелер
- Рим империясы
- Түрік қағанаты
- Ғұндар
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сасани әулеті туралы ақпарат, Сасани әулеті дегеніміз не? Сасани әулеті нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!