Сағынғали Сейітов
Сағынғали Сейітов (20.11.1917, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Қурайлысай ауылы) — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты (1961).
Еңбек жолы
- Орал су транспорты рабфагын (1937) бітірген.
- Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1947).
- 1941 — 47 ж. әскер қатарында болып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
- 1947-1949 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында ,ылыми қызметкер
- 1949-1951 жылдары Қазақстан КП ОК-нің Үгіт, насихат, әдебиет және көркемөнер бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды.
- Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры (1951 — 52)
- Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1952 жылдан) болған.
Шығармашылығы
- “Большевиктер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 ж. жарық көрді.
Сейітовтің 40-тан астам кітабы баспадан шыққан. Жыр жинақтарымен қатар
- “Қырық жылда” (1957)
- “Ақын сапары” (1958)
- “Өмір өрнектері” (1969)
- “Тоғысқан толқындар” (1974)
- “Туысқандық туғызған” (1979)
- “Өлең өлкесінде” (1984)
- “Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі”, т.б. әдеби-зерттеу еңбектері бар.
Аудармалары
Г.Гейне, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Маяковский, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Марапаттары
- 2-дәрежелі Отан соғысы ордені
- Қызыл жұлдыз ордені
- Қаратөбе ауданының құрметті азаматы.
Дереккөздер
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сағынғали Сейітов туралы ақпарат, Сағынғали Сейітов дегеніміз не? Сағынғали Сейітов нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!