Сәбит Бексейітов
Сәбит Бексейітов (20 ақпан 1950, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті – 30 қаңтар 2020) — ақын, жазушы, публицист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі.1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

Жұмыс баспалдағы
| ]«Орталық Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастаған. Бұқаралық ақпарат құралдарында, Қарағанды радиосында, Ақмола, Қарағанды облыстық және аудандық газеттерінің редакцияларында қызмет еткен. Қазір Қарағанды облысы әкімінің аппаратында бас маман.
Еңбегі
| ]Ақынның жыр топтамалары XX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері республикалық «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» сияқты әдеби-көркем басылымдарда, облыстық баспасөзде және ұжымдық жинақтарда жарық көріп келеді. 2000–2003 жылдар аралығында Астанадан, Қарағандыдан Алматыдан «Ғасыр кешу», «Күннің шалқуы», «Келешек керемет», «Ел үмітін ер ақтар», «Құт қойған Қарағанды», «Ғасырластарым», «Рамазан мерген және оның әулеті», «Астана уақыты», «Назым-насыр» атты кітаптары жарық көрген. 1997 жылы Елбасының «Елім менің» атты жүрекжарды жырын орыс тілше аударған. Сондай-ақ, А.Плещеевтің, А.Вознесенскийдің, Э.Межелайтистің, Ю.Марцинкявичюстің бірнеше шығармаларын қазақ тіліне, Ұ.Есдәулеттің бір топ өлеңдерін орыс тіліне аударған.
Дереккөздер
| ]- Сәбит Қыдырбайұлы Бексейітов (қаз.).
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Тұлғалар
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан ақындары
- Қазақстан аудармашылары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сәбит Бексейітов туралы ақпарат, Сәбит Бексейітов дегеніміз не? Сәбит Бексейітов нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!