Рибосомалық РНҚ

Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) — рибосоманың негізін құрайтын макромолекула түрі.
Жасушадағы барлық РНҚ арасында рРНҚ ең салмақтысы болып келеді. Ол рибосоманың жалпы массасындағы 65%-ға жуығын алады, қалғаны — рибосомалық ақуыз.
Жасуша ядросындағы ДНҚ-дан генетикалық ақпарат аРНҚ-ға жазылған соң, аРНҚ цитоплазмаға шығарылып, рибосомамен байланысқа түседі. Сөйтіп генетикалық ақпарат рРНҚ-ға беріледі де, рибосомалар ақпаратқа сәйкес ақуыздарды синтездеуге кіріседі. Бұл трансляция арқылы жүзеге асады.
рРНҚ туралы мәлімет медицинада, кейбір антибиотиктерді жасауда қолданылады. Ондай дәрілер белгілі бір бактерияның рРНҚ-сының жұмысын тежеу арқылы аурудың таралуына кедергі орнатады.
Сондай-ақ молекулалық филогенетикада рРНҚ талдауы әртүрлі таксондардың туыстық деңгейін анықтауға көмектеседі.
Дереккөздер
| ]- А. С. Спирин. Биоорганическая химия — М.: Высшая школа, 1986. — P. 10.
- "Molecular characterization of ribonucleic acid from Escherichia coli ribosomes". Journal of Molecular Biology 2 (2): 83–91. 1960.
| ||||||||||||||||||||||||||
- РНҚ
- Ақуыз биосинтезі
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Рибосомалық РНҚ туралы ақпарат, Рибосомалық РНҚ дегеніміз не? Рибосомалық РНҚ нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!