Райым бекінісі
Райым бекінісі – әскери бекініс. 1847 жылы Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына жақын жердегі Райым шатқалына патшалық Ресей салдырған.
Райым бекінісі алғашқы кезде 954 адамнан құрылған гарнизоннан тұрды. Бекіністі салуға жергілікті халық мәжбүрлеу арқылы жұмылдырылды. Патша өкіметі Райым бекінісін салуда сауда керуендерін тонаушылардан қорғау дегенді желеу етті. Ал, шын мәнінде, Райым бекінісінің салынуы Ресейдің Хиуа хандығына қыр көрсетуі әрі Түркістан аймағын отарлауға жасаған алғашқы қадамы еді. Хиуа хандығы Сырдария бойында Райым бекінісі секілді орыс әскери бекіністерінің салынуына қарсылығын оның төңірегіндегі қазақтарды талап-тонаумен білдірді. Бірақ әскери күші басым Ресей империясы Райым бекінісінің негізін қалаған соң, Арал теңізі мен Сырдария өңіріне өз ықпалын жүргізе бастады, орыс көпестерінің хиуалықтарға баж салығын төлеуін тоқтатты.
Райым бекінісі 1851 жылы Арал бекінісі деп аталды, ал 1855 жылы таратылып, онда қоныс тепкен казак-орыстар фортқа (кейін Қазалыға) көшірілді.
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Арал ауданы тарихы
- Ресей империясы бекіністері
- 1847 жылы құрылған елді мекендер
- 1855 жылы таратылған елді мекендер
- Қызылорда облысының таратылған елді мекендері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Райым бекінісі туралы ақпарат, Райым бекінісі дегеніміз не? Райым бекінісі нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!