Қырғызстан туы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қырғызстанның туы
қыр. Кыргызстандын туусу
image
Мемлекет

image Қырғызстан

Қабылданған

26 желтоқсан 2023 жыл

Қолдануы

image

Пропорция

3:5

Алдыңғы тулары

image

Пропорция

3:5

Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы (қыр. Кыргыз Республикасынын Мамлекеттик туусу) — Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздердің бірі. Тудың қазіргі нұсқасы 2023 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған.

Тарихы

 | ]

1992 жылғы 3 наурызда Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесі тудың жаңа нұсқасын бекітті. Оның дизайны қызыл фонда тұрған, ортасында шаңырақ салынған алтын күннен тұрды.

2023 жылдың соңына қарай Жоғарғы Кеңес депутаттарының арасында ту дизайнына өзгеріс жасау керек деген ұсыныстар шыға бастады. Өзгерістер қатарында шаңырақ айналасындағы күн сәулелерін сүйір қылу болған және бұл идеяны ойлап тапқан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров еді. Заң жобасын 59 депутат қолдап дауыс берсе, 5 қарсы болды. Өзгерістің ресми себебі, премьер-министрдің орынбасары Қамшыбек Тәшиев сөзінше, «Ту күнбағысқа ұқсамай, жарқыраған күннің бейнесін беруі керек» болған.

Мағынасы

 | ]

Қырғыз халқының ою-өрнек мәдениетіндегі күн — жарық, ашықтық, өміршеңдік дегенді білдіреді. Қырық сәуленің жалынына ұқсас тілдер — бұл қырық рулар.

Түндік (қыр. түндүк) — «боз-үй» (қырғыз киіз үйінің атауы) шаңырағын жабатын киіз. Түндік аспан мен жерді байланыстыратын, Қырғызстан жерінде тұрып жатқан барлық халықтардың бірлігін білдіреді. Сонымен қатар түндік Исламға дейін пайда болған түркі халықтарының дінін — тәңіршілдікті білдіреді.

Техникалық ерекшелігі

 | ]

Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы және оның бейнесі, олардың көлеміне қарамастан, Қырғыз Республикасы Президентінің резиденциясында сақталған Қырғызстанның мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және схемалық бейнелеріне дәл сәйкес келуі керек. ҚР мемлекеттік туының түстері туының техникалық ерекшелігінде көрсетілген түстерге сәйкес келуі тиіс.

Түстік модельдер
Түс PANTONE CMYK RGB HEX
Қызыл PANTONE 1788 C 0-100-100-0 255-0-0 #ff0000
Сары PANTONE Yellow C 0-0-100-0 255-255-0 #ffff00

Тарихи тулар

 | ]

Сондай-ақ

 | ]

Дереккөздер

 | ]
  1. Государственные символы » Кыргызстан » Официальный сайт президента Киргизской Республики. www.president.kg. Тексерілді, 14 ақпан 2018.
  2. Депутаттар Қырғызстанның туын өзгертуді ұсынды  (қаз.). kaz.orda.kz (29 қыркүйек 2023). Тексерілді, 29 желтоқсан 2023.
  3. Қырғызстан туы "күнбағыстан" құтылатын болды  (қаз.). adyrna.kz (20 желтоқсан 2023). Тексерілді, 29 желтоқсан 2023.
  4. Государственная символика :: ГРС ППКР  (ағыл.). grs.gov.kg. Тексерілді, 14 ақпан 2018.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қырғызстан туы туралы ақпарат, Қырғызстан туы дегеніміз не? Қырғызстан туы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *