Құрбанғали Халид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Халиди Құрбанғали, Құрбанғали Халиди Аягөзи (1846, Аягөз – 1913, Шәуешек) – қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші. Әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Халиди жас кезінде Абдулхақ деген кісінің медресесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алады. Шәуешекке көшіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен дәріс берген.1885 ж. Турфан қаласында ұйғырлардың өмірі туралы «Тарих и жарида-и жадида» деген кітап жазды. 1897 ж. Меккеге бара жатқанда Еуропаның көптеген қалаларында, араб мемлекеттерінде болған. 1910 ж. Х-дің «Тауарих-и хамса и шарки» («Шығыстың 5 мемлекетінің тарихы») кітабы жарық көрді. Кітапта ұйғырлар, өзбектер, қазақтар, моңғолдар, тағыда басқа халықтар туралы жазады. Басым бөлігі қазақ халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен әдебиетіне арналған.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құрбанғали Халид туралы ақпарат, Құрбанғали Халид дегеніміз не? Құрбанғали Халид нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *