Құлтума Сармұратұлы
| Құлтума ақын | |
| Туған кездегі есімі | Құлтума Сармұратұлы |
|---|---|
| Туған күні | 1860 |
| Туған жері | |
| Қайтыс болған күні | 1915 |
| Қайтыс болған жері | |
| Мамандықтары | ақын, сазгер, композитор |
| Аспабы | домбыра |
Құлтума Сармұратұлы (1860, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы - 1915, сонда) — ақын, әнші, композитор.
Өмірбаяны
| ]Орта жүз Найман тайпасының Терістаңбалы руының Қонақ бұтағынан шыққан.
Біржан сал, Ақан серілердің әншілік дәстүрін қуған. Шөже, Орынбай ақындармен өнер сайысына түскен. Ел-жер аралап өнер көрсетіп, ән салған. Құлтуманың "Дөңбек", "Пау-ой", "Демалыс", "Жамал-Шамшид", "Тау қиялап", "Үш көтерме", "Шайқалма", "Соқпай соқ", "Құла атым", т.б. әндері белгілі болған. Бірақ көптеген әндері ұмыт болған. Құлтума әндерін насихаттағандар Қ.Бабақов (нотаға түсірткен), Ғ.Айтбаев, Қ.Лекеровтер болды. Құлтуманың "Үш көтерме", "Тау қиялап" әндерін А.Жұбанов пен Л.Хамиди "Абай" операсында пайдаланды. Құлтума әндерін әнші Қ.Байбосынов та орындайды.
Дереккөздер
| ]- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- 1860 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қорғалжын ауданында туғандар
- 1915 жылы қайтыс болғандар
- Қорғалжын ауданында қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақ ақындары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Құлтума Сармұратұлы туралы ақпарат, Құлтума Сармұратұлы дегеніміз не? Құлтума Сармұратұлы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!