Қосбасаров Әсімхан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қосбасаров Әсімхан(1916, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы) – айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1977), ҚР халық ақыны (1990). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қосбасаровтың айтыстары “Еңбек күйі” (1972), “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” (1975), “Халық поэзиясы және бүгінгі өмір” (1976), “Шашу” (1977), т.б. жинақтарға енді. “Азамат” (1981), “Алатау аясында” (1989), “Ақсеңгірдің ақиығы” (1991), “Жамбылдан алып батаны” (1991), “Ақиық” (2000) аталатын жеке жинақтары жарық көрді. 3-дәрежелі Даңқ, 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

 | ]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қосбасаров Әсімхан туралы ақпарат, Қосбасаров Әсімхан дегеніміз не? Қосбасаров Әсімхан нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *