Қорқау қасқыр
| Қорқаулар Қазбалық ауқымы: 26–0 Ma Төменгі миоцен-recent | ||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Қорқаулар: Теңбіл қорқау қасқыр, Қоңыр қорқау, Жолақты қорқау және топырақ қасқыры | ||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
| Туыстары | ||||||||||||
| ||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||
|
Қорқаулар (лат. Hyaenidae) – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының бір тұқымдасы.
Сырт пішіні қасқырға ұқсас жыртқыш, артқы аяқтары қысқарақ, алдыңғы аяқтары ұзын, сондықтан денесінің алдыңғы жағы биік. Қорқау қасқырдың 3 туысқа жататын 4 түрі Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, Орталық Азия мен Кавказ бойында шөл, шөлейт, тоғайы сирек жерлерде кездеседі.
Денесінің ұзындығы 55 – 165 сантиметр, құйрығының ұзындығы 20 – 33 сантиметр, салмағы 10 – 80 килограмм. Басы үлкен, мойны жуан, құлақтары үлкен, жұмырланып тұрады. Мойнының үстіңгі жағында, иық тұсында қылшықты жалы бар. Тістері өте өткір. Тілінде де қатты мүйізді өскіндері бар. өлпанының (жүнінің) түсі қара қоңыр, кей түрінде жолағы немесе дақтары болады. Қорқау қасқыр жеке, кейде жұп құрып немесе топтанып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды, көбіне өлексемен қоректенеді.
Жылына 1 рет күшіктейді. Буаздық мерзімі 90 – 110 күн, көбінесе 2 – 4 (сирек 6), әлжуаз, соқыр күшік табады.
Зоологиялық бақтарда 25 жылдай тіршілік етеді. Қорқау қасқырдың 1 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
| ]- "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
- Р. Сәтімбекұлы, Все о животных: Млекопитающие и звери, М., 2000.
| Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hyaenidae |
| Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
- Қорқаулар
- Сүтқоректілер
- 1821 жылы зерттелген жануарлар
- Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілгендер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қорқау қасқыр туралы ақпарат, Қорқау қасқыр дегеніміз не? Қорқау қасқыр нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!