Қарқаралы округі
Қарқаралы округі — 1928-1930 және 1934-1936 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Округ | |
Қарқаралы округі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Кіреді | Қазақ АКСР |
Әкімшілік орталығы | Қарқаралы |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 1928—1930, 1934—1936 |
Округ 1928—1930 жылдары
Қарқаралы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Семей губерниясының бір бөлігінен құрылды. Аудан орталығы Қарқаралы қаласы болды. Округ 7 ауданға бөлінді:
- Абыралы ауданы. Орталығы — Үйтас шыңы.
- Ақсары ауданы. Орталығы — Бесоба мекені.
- Балқаш ауданы. Орталығы — Қарабұлақ мекені.
- Берікқара ауданы. Орталығы — Милыбұлақ мекені.
- Қу ауданы. Орталығы — Хлебородное ауылы.
- Шет ауданы. Орталығы — Қайрақты мекені.
- Шұбартау ауданы. Орталығы — Қотанемел мекені.
1929 жылдың жазында Балқаш ауданы Тоқырау ауданы болып өзгертілді. 14 желтоқсанда Ақсары ауданы таратылды.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Округ 1934—1936 жылдары
1934 жылы 4 шілдеде Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының бөлігінен орталығы Қарқаралы қаласы болатын Қарқаралы округі құрылды. Ол 7 ауданға бөлінді:
- Абыралы ауданы. Орталығы — Қайнар ауылы.
- Баянауыл ауданы. Орталығы — Баянауыл ауылы.
- Жаңаарқа ауданы. Орталығы — Атасу ауылы.
- Қарқаралы ауданы. Орталығы — Қарқаралы қаласы.
- Қоңырат ауданы. Орталығы — Ақтоғай ауылы.
- Қу ауданы. Орталығы — Егіндібұлақ ауылы.
- Шет ауданы. Орталығы — Ақсу-Аюлы ауылы.
1935 жылы 9 қаңтарда Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына қайтарылды.
1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі жойылып, аудандары Қарағанды облысына берілді.
Басшылары
Аудандық партия комитетінің басшылары
- Сұлтанғалиев 1928-1929
- Нұрсейітов Нұрғали 1933-1936
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
Дереккөздер
- Қарқаралы журналы, №2(40) 2014 жыл.
- р/с Тегі, аты - Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып
- 16 тамыз 2014 жыл - Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет Мұрағатталған 23 ақпанның 2020 жылы.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарқаралы округі туралы ақпарат, Қарқаралы округі дегеніміз не? Қарқаралы округі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!