Қарғалы қорықшасы
| Қарғалы қорықшасы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 13,3 мың га |
| Орналасуы | |
| 43°59′22″ с. е. 66°44′46″ ш. б. / 43.989417° с. е. 66.746125° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°59′22″ с. е. 66°44′46″ ш. б. / 43.989417° с. е. 66.746125° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қызылорда облысы |
| Аудандар | Жаңақорған ауданы, Шиелі ауданы |
Қарғалы қорықшасы – республикалық маңызы бар зоологиялық қорықша.
Географиялық орны
| ]Қызылорда облысы Жаңақорған мен Шиелі аудандарының аумағында орналасқан. Аумағы 13,3 мың га.
Жер бедері
| ]Қорықшаны Сырдария өзені аңғарының ежелгі және қазіргі ландшафтысын алып жатыр. Өзен суларымен бөлінген аласа төбешікті құмды-сазды жазықтан, кішігірім құрғап қалатын көлдер мен батпақты жерлерден тұрады.
Флорасы
| ]Жер асты суы көздерінің жақын орналасуы әсерінен әр түрлі шалғынды-батпақты және бұта өсімдіктеріне бай: сексеуіл, жыңғыл шоғыры, сонымен қатар қамыстың нуы кездеседі.
Қорықша маңызы
| ]
Мұнда Жетісу қырғауылы жиі ұшырасады. Қорықша осы бағалы құсты қорғау, санын көбейту және оның Оңтүстік Қазақстанның, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аудандарының әр түрлі ландшафтық жағдайларына бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында құрылған.
Дереккөздер
| ]- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қаумалдары
- Қызылорда облысы географиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарғалы қорықшасы туралы ақпарат, Қарғалы қорықшасы дегеніміз не? Қарғалы қорықшасы нені білдіреді?




Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!