Қалмақ тілі
Қалмақ тілі (Kalmyk language) — Алтай тілдері отбасының батыс-моңғолдық тобына кіреді. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады, екінші буынға дейін қоса алғанда, таңдай үндестігімен сипатталады. – Қалмақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994, Тілдер туралы Заң 1999).
Қалмақ тілі | |
Өз атауы: | Kalmyk language |
---|---|
Елдер: | Ресей |
Сөйлеушілер саны: | 107 742 (2021 ж., Ресейде) |
Классификация | |
| |
Жазуы: | кириллица |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: | кал 260 |
ISO 639-1: | xal |
ISO 639-2: | xal |
ISO 639-3: | xal |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Референтті халық
Референтті халық: қалмақтар; өз атауы – хальмг.
Географиялық таралуы
Қалмақ ұлты жалпы б.з. ХV ғ. қалыптасты, осы кезде ойраттар (құрамына қалмақтар кіретін батыс моңғолдар) Жоңғарияда дербес хандықты құрды. ХVI ғ. қалмақ хандықтары «Дербен-ойрат» («Төрт ойрат») Одағына бірікті. Бұл одаққа кірген халықтар қазіргі қалмақтардың тікелей ата-бабалары болып табылады. ХVII ғасырдың бірінші жартысында қалмақтарды Жоңғариядан Ресейге қарай ығыстыру және оларды Төменгі Еділ бойымен қоныстандыру басталады.
Қазіргі кезде қалмақ тілінде Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Қалмақстан Республикасы аумағында сөйлейді.
Диалектісі
Оның 3 диалектісі бар: Дербет (дэрбэт), Торғұт және Бузавский (Дон қалмақтары).
Жазуы
1648 жылдан 1924 жылға дейін қалмақтар ұйғыр графикалық негізінде Тодо Бичг (Айқын жазу) жазуын пайдаланды; 1924 жылдан 1931 жылға дейін жазу орыс (кирилл) графикасына, 1931 жылы латын әліпбиіне аударылды. Алайда 1938 жылдан бастап жазу орыс (кирилл) графикасына қайтарылды. Қытай қалмақтары ескі жазуларды қолдануды жалғастыруда.
Ресейде қолданылатын қалмақ әліпбиі:
А а | Ә ә | Б б | В в | Г г | Һ һ | Д д | Е е | Ё ё |
Ж ж | Җ җ | З з | И и | Й й | К к | Л л | М м | Н н |
Ң ң | О о | Ө ө | П п | Р р | С с | Т т | У у | Ү ү |
Ф ф | Х х | Ц ц | Ч ч | Ш ш | Щ щ | Ъ ъ | Ы ы | Ь ь |
Э э | Ю ю | Я я |
Дереккөздер
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 132-133. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
- Қалмақ тілі. Тексерілді, 11 маусым 2025.
- Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 11 маусым 2025.
- Қалмақ тілі. Тексерілді, 11 маусым 2025.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қалмақ тілі туралы ақпарат, Қалмақ тілі дегеніміз не? Қалмақ тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!