Пероксидті қосылыстар

Пероксидті қосылыстар, пероксоқосылыстар — құрамында бір-бірімен байланысқан оттек атомдары болатын (—О—О—) заттар. Пероксидті қосылыстарды сутек пероксидінің (Н2О2) тұздары ретінде қарастыруға болады, себебі олар сілтімен әрекеттесіп металл пероксидтерін түзеді. Пероксидті қосылыстардың көп таралған түрі сілтілік және сілтілік-жер металдардың пероксидтері. Олар күшті тотықтырғыш, су және сұйытылған қышқылдармен әрекеттесіп, Н2О2 бөліп шығарады. Пероксидті қосылыстарды металды тотықтырып немесе металл оксидтеріне ауамен әсер ету арқылы алады. Na2O2 (натрий пероксиді) — сарғыш түсті, өте ылғал тартқыш ұнтақ, лаб-да үзбей оттек алу үшін қолданылады. Кейбір металдар да (Mg, Zn, Cd, Hg, лантаноидтар) Пероксидті қосылыстар түзеді. Пероксидті қосылыстар жүн, зығыр, мақта, жасанды талшықтарды, т.б. бояуға, суды тазартуда қолданылады.
Дереккөздер
| ]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Химия
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Пероксидті қосылыстар туралы ақпарат, Пероксидті қосылыстар дегеніміз не? Пероксидті қосылыстар нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!