Нарманбет Орманбетұлы
Нарманбет Орманбетұлы (1859, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауыл Саға жері – 1918) – ақын. ,
Нарманбет Орманбетұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1859 қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауыл Саға жері |
Қайтыс болғаны: | 1918 |
Мансабы: | Aқын |
Арғын тайпасы Тобықты руынан шыққан.
Өмірбаяны
Алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан. 1917 – 18 ж. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”). Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, азаттыққа қол жеткізуді жырлаған (“Аждаһаның аузында”, “Ұран”, т.б.). Патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алып, “Тілекті берген күн” атты өлеңін шығарса, оның “Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері махаббат, жастық тақырыбына арналған. Нарманбет 1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып қызмет істеп жүргенде ауырып қайтыс болған. Абай дәстүріндегі Нарманбет сол кездің өзінде белгілі ақын, әрі шешен болған. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығармаларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарияланған.
Шығармалары
Шығармалары: "Нарманбеттің өлеңдері"], А., 1939; Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары, Қарағанды, 1998.
Халыққа тарихи таңдау заманы туғанда, дұрыс жол сілтеуге тырысты
Сілтемелер
- Отаршылдық
- Өлең
- Патриот
- Әдебиет
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
- https://aktogaikitab.wixsite.com/olketanu/post/narmanbet-ormanbetu-ly-1858-1918
- Кенжебаев Б., Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары, А., 1958
- Әбдіғазиев Б., Асыл арна, А., 1992
- Туғанбаев А., Ұлы ағартушы, ойшыл, күрескер, кіт.: Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары, Қарағанды, 1998
- Қазақстан тарихы: Этникалық зерттеулерде, 10-том.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Нарманбет Орманбетұлы туралы ақпарат, Нарманбет Орманбетұлы дегеніміз не? Нарманбет Орманбетұлы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!