Нұртас Солтанұлы
Нұртас Солтанұлы (28 қаңтар 1984 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Жиделі ауылында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
Нұртас Солтанұлы | |
![]() | |
Туған күні | 28 қаңтар 1984 (41 жас) |
---|---|
Туған жері | Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Жиделі ауылы, ҚазКСР |
Азаматтығы |
|
Ұлты | қазақ |
Қызметі | «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры |
Әкесі | Солтан Асылбекұлы |
Анасы | Бақытжамал Хамитқызы |
Жұбайы | Айнагүл Серікқызы |
Балалары | Нұрәлі Солтан, Айзере Солтан, Айсұлтан Солтан |
Марапаттары мен сыйлықтары | «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі |
Сайты |
Еңбек жолы
- 2004-2005 жж. «Қалкен ТВ» телеарнасының жүргізуші-корреспонденті;
- 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының шығармашылық қызметінің редакторы;
- 2006-2011 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшісі;
- 2011-2019 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі қызметін атқарды;
- 2019 -2023 жж. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Altai» телеарнасының директоры;
- 2023 жылдың қарашасынан «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
Білімі
- 2001-2005 жж. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, бакалавр;
- 2013-2015 жж. Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және Мемлекеттік Қызмет Академиясы, магистр.
Қоғамдық қызметі
- Бас редакторлар клубы мүшесі (2019 ж.);
- Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық филиалы төрағасы (2022 ж.);
- Қазақстан Журналистер Одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы (2023 ж.).
Марапаты
- ҚР Президентінің Алғыс хаты (2011 ж.);
- «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.);
- «Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.);
- «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2020 ж.);
- «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі (2023 ж.).
Дереккөздер
- Біздің ұжым (қаз.). rtrk.kz сайты (3 қараша 2023). Тексерілді, 25 сәуір 2024.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Нұртас Солтанұлы туралы ақпарат, Нұртас Солтанұлы дегеніміз не? Нұртас Солтанұлы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!