Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев (20 мамыр 1967 жыл, Жамбыл) — қазақстандық саясаткер, 2025 жылдан бері қызметтегі Көлік министрі. Сауранбаев — Экономика ғылымдарының кандидаты, 2021–2025 жылдары Қазақстан темір жолы басқармасының төрағасы, 2017–2018 жылдары Шымкент әкімі болған.
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев | ||||
![]() Сауранбаев, 2025 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
30 маусым 2025 бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Олжас Бектенов | |||
Ізашары | Марат Қарабаев | |||
| ||||
9 сәуір 2021 — 30 маусым 2025 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Асқар Мамин Әлихан Смайылов Олжас Бектенов | |||
Ізашары | Сауат Мыңбаев | |||
Ізбасары | Талғат Алдыбергенов | |||
| ||||
қараша 2017 — маусым 2018 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Ізашары | Ғабидолла Әбдірахымов | |||
Ізбасары | Ғабидолла Әбдірахымов | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі |
| |||
Мамандығы |
| |||
Дүниеге келуі | 20 мамыр 1967 (58 жас) Жамбыл, Жамбыл облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Балалары | 5 | |||
өңдеу ![]() |
Білімі
Сауранбаев 1991 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді экономист мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы ол ЭНИ-АДЖИП, ЦОНП магистратурасын бітіріп, мұнай әкімшілігінің магистрі квалификациясын алды да, 2016 жылы Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. 2004 жылдан бері ол — Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы
Кәсіпорындардағы мансабы
Нұрлан Сауранбаев еңбек жолын 1991 жылы «Еңбек» ЖШС бас директоры ретінде бастады. 1997 жылы ол бұл қызметін аяқтап, бір жыл бойы Қазақстан кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры еді.
1998 жылдан 2000 жылға дейін Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнының «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорынының директоры болатын. Бұдан кейін, 2002 жылға дейін ол «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ бірінші вице-президенті қызметінде болды.
2002–2004 жылдары Сауранбаев ҚазМұнайгаз АҚ Инжинирингтік жобалар басқару және қызмет көрсету департаментінің директоры болса, 2004–2007 жылдары ол «Теңіз сервис» ЖШС бас директоры еді.
2007 мен 2010 жылдары аралығында Сауранбаев — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010 жылдан 2011 жылға дейін ол — Самұрық-Қазына басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры болатын.
Саяси мансабы
2011 жылы Сауранбаев Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі ретінде тағайындалғаны арқылы саяси мансабын бастады. Бұл лауазымға ол 2014 жылға дейін ие болды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін ол — Қорғаныс министрінің орынбасары. 2016–2017 жылдары ол — ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.
2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы маусымға дейін Нұрлан Сауранбаев — Шымкент қаласының әкімі.
2019 жылы Сауранбаев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі атанды. Бұл қызметте ол 2021 жылға дейін болды.
2021–2025 жылдары ол — Қазақстан темір жолы АҚ басқармасының төрағасы.
2025 жылғы 30 маусымда президент Тоқаев Сауранбаевты Көлік министрі болып тағайындалды.
Дереккөздер
- Сауранбаев Нурлан Ермекович (персональная справка) (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 30 маусым 2025.
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
- Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады (қаз.). Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты (8 сәуір 2021). Тексерілді, 1 шілде 2025.
- Сауранбаев Нурлан Ермекович (персональная справка) (орыс.).
- Н.Е. Сауранбаевты тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (30 маусым 2025). Тексерілді, 1 шілде 2025.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев туралы ақпарат, Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев дегеніміз не? Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!