Мұхамет Ақтанов
Мұхамет Ақтанов (1850, Орал облысы, Орданың орта бөлігі, Затон форпостының маңы – өлген жылы белгісіз) қазақтың алғашқы арнаулы білімді мал дәрігері. 1869 жылы Орынбор облыстық басқармасының жанындағы қазақ мектебінің дайындық класына түседі. 1870–1877 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 6 класс оқиды. 1877–1882 жылдары Қазан ветеринария институтында оқып, «мал дәрігері» мамандығы бойынша 160/570 нөмірлі диплом алған. Ақтанов — Ресей жоғары оқу орнында оқып, ресми түрде мал дәрігері мамандығын алған тұңғыш қазақ. 1883 жылы 23 қарашадан Ырғыз және Торғай уездерінің мал дәрігерлік бөлімін басқарды, 1884 жылы 4 желтоқсаннан Торғай уезінің мал дәрігері. «Коллеж секретарь» атағын алған (12 наурыз, 1890). Ол 1893 жылдың шілде айынан бастап Архангельск губерниясындағы селолық жерлерде мал дәрігері болып қызмет істеген. Бұдан кейінгі өмірі туралы дерек жоқ.
Әдебиеттер
| ]Ветеринария Казахстана, А., 1970 жыл.
Дереккөздер
| ]- Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- 1850 жылы туғандар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мұхамет Ақтанов туралы ақпарат, Мұхамет Ақтанов дегеніміз не? Мұхамет Ақтанов нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!