Молдаван тілі
Молдаван тілі (Moldavian language) — үндіеуропалық отбасының роман тармағының балқан-роман ішкі тобына кіреді, номинативті құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады. Молдова Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994; 1996).
Молдаван тілі | |
Өз атауы: | Moldavian language |
---|---|
Елдер: | Молдова |
Сөйлеушілер саны: | 145 895 (2010), 87 957 (2020) |
Классификация | |
| |
Жазуы: | кириллица |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: | мол 460 |
ISO 639-1: | mol |
ISO 639-2: | ron, rum, mol және |
ISO 639-3: | mol, және ron |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Референтті халық
Референтті халық: молдовандар; өз атауы – молдовень.
Географиялық таралуы
Негізінен Молдова, Приднестровьеде қоныстанған. Сөйлеушілер саны: Молдовада 4 миллионнан астам тұрғындар тұрады, оның ішінде 2,66 миллионға жуығы молдаван тілінде сөйлейді.
Диалектісі
Молдаван тілі төрт сөйленіс тобымен ұсынылған: орталық, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс.
Жазуы
Молдаван жазуы тәуелсіз Молдова мемлекеті құрылғаннан бері (1359) кириллица негізінде пайда болып, дамып келеді. Бұл графика (шамалы үзіліспен − 1932–1939 жылдары латын әліпбиі қолданылды) 1989 жылға дейін қолданылды. Сол кезде молдаван тілінің жазуын латын графикасына көшіру туралы шешім қабылданды. Приднестровьеде орыс (кириллица) графикасын қолдануды жалғастыруда.
Дереккөздер
- Молдаван тілі. Тексерілді, 15 маусым 2025.
- Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 15 маусым 2025.
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 155-156. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Молдаван тілі туралы ақпарат, Молдаван тілі дегеніміз не? Молдаван тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!