Лимфоидты ұлпа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Лимфоидты ұлпа (лимфоидная ткань); (textus lymphoideus, лат. textus — ұлпа, lymphoideus — лимфа тәрізді) — қантүзу мүшелерінде орналасқан, дәнекер ұлпасының маманданған түрі. Қантүзу мүшелерінің негізін ретикулалы ұлпа (тимус пен клоака қапшығында — ретикулалы-эпителиальды ұлпа) құрайды.

Ретикулалы ұлпа мен онда жинақталған әртүрлі даму сатысындағы лимфоциттер бірігіп, лимфоидты ұлпаны құрайды. Лимфоидты ұлпа ішкі орта ұлпаларының ерекше түрі. Ол тимуста, көкбауырда, лимфа түйіндерінде, ішкі түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарындағы лимфа түйіндерінде орналасып, лимфоциттердің түзілуін (лимфоцитопоэз) және олардың пісіп жетілуін қамтамасыз етеді. Лимфоидты ұлпаның негізін жасайтын ретикулалы ұлпа лимфоцитопоэздің толық жүруіне қолайлы микроорта түзеді. Лимфоидты ұлпа жасушалары ретикулалы ұлпа жасушалары мен қантүзу жасушалары болып екі топқа бөлінеді. Ретикулалы ұлпа жасушаларына тіректік қызмет атқаратын фибробласт тәрізді жасушалар және қорғаныс қызметін атқаратын макрофагтар, ал қантүзу жасушаларына көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалардан дамыған лимфоциттердің даму қатарындағы жасушалар жатады. Лимфоидты ұлпада Т- және В-лимфоциттер мен плазмоциттер түзіледі.

Дереккөздер

 | ]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Лимфоидты ұлпа туралы ақпарат, Лимфоидты ұлпа дегеніміз не? Лимфоидты ұлпа нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *